Климат өзгеруіне байланысты Шығыс Қазақстанның биоклиматтық бағалауы

Авторы

  • akmaral bakytovna smagulova al-Farabi Kazakh National University

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v54.i3.04

Ключевые слова:

Биоклимат, Шығыс Қазақстан, температура, жел, эквивалентті температура

Аннотация

КЛИМАТ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИОКЛИМАТТЫҚ БАҒАЛАУЫ

 Соңғы жылдары климаттың жылынуы тек жаһандық масштабта ғана емес, сонымен қатар Қазақстан территориясында да байқалып отыр. Осыған орай климаттың жаһандық өзгеруі мен ауа райы құбылыстарының адам өмірі мен денсаулығына әсерін зерттеу мәселелеріне көп көңіл бөлініп жүр. Қазіргі кезде биоклиматтық өзгерістер мен ауа райы жағдайларының адам өміріне және денсаулығына әсерін бағалау маңызды мәліметтердің бірі болып табылады.

Шығыс Қазақстан – мемлекетімізде елеулі орын алатын өндірістік аймақтардың негізгі көздерінің бірі. Аймақта ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы, сонымен қатар түсті металлургия өнеркәсіп орындары мен экономикамызда маңызды орын алатын басқа да шаруашылық түрлері айтарлықтай жақсы дамыған. Яғни, бұл шаруашылық түрлері қыс мезгілінде де далада жұмыс жасау қажеттілігін тудырады. Ал аймақтың климаты ыстық жаз бен төмен температуралар байқалатын, қатаң қыстармен және күшті желдермен ерекшеленеді. Осы орайда Шығыс Қазақстан аймағы үшін биоклиматтық бағалау жүргізу, оған талдау жасау өзекті мәселелер қатарына кіреді. Бұл мақалада Шығыс Қазақстанның биоклиматтық бағалануы қарастырылып, климаттың өзгеруіне байланысты динамикасына талдау жасалды.

Биоклиматтық бағалау, адамға температура мен желдің кешенді әсерін ескеру арқылы анықталатын, Канадалық модель эквивалентті температура индексі (WCET) бойынша қарастырылды. Бұл көрсеткіш белгілі бір температура кезіндегі адамның жылуды сезінуін бағалайды. Бастапқы деректер ретінде Шығыс Қазақстанның алты метеорологиялық станция мәліметтері алынды.

Нәтижелер көмегімен минималды WCET индекс шамасы суық кезеңде «өте суық», кей жылдары «үсік шалу қаупі» деңгейіне сәйкес келді. Сонымен қатар, климаттың өзгеруіне байланысты соңғы он жылдықта минималды WCET ықтималдығы шамамен 2-3% жоғары болған, яғни суық қыстар байқалған.

Биоклиматтық бағалау туралы ақпаратты халықты ескерту жүйелерінде, төтенше жағдайлар қызметтерінде, сондай-ақ ашық ауада жұмыс жасау шаралары ұйымдастырылатын кезде қолдануға болады.

Түйін сөздер: биоклимат, Шығыс Қазақстан, температура, жел, эквивалентті температура.

Загрузки

Опубликован

2019-12-24

Выпуск

Раздел

Метеорология и гидрология