ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ДЕРЕКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ МҰЗДЫҚТАРДЫ ДЕШИФРЛЕУ (ІЛЕ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ АЛАТАУЫ ТАУЛЫ АУДАНДАРЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM20257839Кілттік сөздер:
ГАЖ технологиясы, жерді қашықтықтан зондтау, дешифрлеу, мұздықтар, Sentinel 2, Landsat-8, ғарыштық түсірілімдер, табиғи қауіптерАннотация
Мұздықтар климаттың өзгеруіне ерекше сезімтал табиғи нысандардың бірі, сондықтан олардың көлемі мен ауданы климаттық факторларға байланысты өзгеріске ұшырайды. Мұздықтардың еруі – ғаламдық жылынудың тікелей әсерінен туындаған және қазіргі уақытта әлемді алаңдатып отырған экологиялық мәселелердің бірі. Әсіресе, тау мұздықтары климаттың өзгеруіне қатты тәуелді және олардың динамикасы өзендердің төменгі ағысында орналасқан экожүйелер мен халықтың өмір сүруіне, шаруашылық әрекетіне тікелей әсер етеді. Қарастырып отырған аумақтағы мұздықтардың қарқынды еруі ауызсу тапшылығына әкелуі мүмкін, сондай-ақ, олардың еруінен туындайтын қауіп-қатерлерді, яғни сел, көшкін және су басу қаупін арттырады. Осыған байланысты тау мұздықтарын дешифрлеу, жағдайын қадағалау және ауданының өзгеруін бағалау, картографиялау аса өзекті мәселелердің бірі.
Зерттеудің негізгі мақсаты – Landsat және Sentinel-2 ғарыштық түсірілімдері мен мұздықтарды автоматты, жартылай автоматты дешифрлеу мен қолмен түзету әдістерін пайдаланып, зерттеу аумағындағы тау мұздықтарының шекараларын анықтау.
Жұмыс барысында дереккөз ретінде Landsat 7ETM+, Landsat 8 OLI, Sentinel-2 ғарыштық түсірілімдері және де ГАЖ технологиялары мен ЖҚЗ әдістері, көп зоналы ғарыштық түсірілімдерді өңдеу және жіктеу, мұздықтарды автоматты, жартылай автоматты дешифрлеу, каналдар қатынасы әдісі, қолмен түзету мен салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың нәтижесінде Landsat және Sentinel-2 ғарыштық түсірілімдерін деширлеу арқылы, Іле және Жетысу Алатауы таулы аудандары мұздықтарының шекарасының контуры алынды, мұздықтардың векторлық қабаттары құрылып, атрибуттық кестесін толтырылды. Климаттың өзгеруі жағдайында зерттеу аумағындағы мұздықтар ауданының өзгеруіне сипаттама жасалды.
Алынған нәтиже климаттың өзгеруі жағдайында елдің су ресурстарының өзгерісін және де табиғи қауіп-қатерлерді бақылап, бағалауға көмектеседі. Спутниктік жүйелер тұтынушыларға жетуі қиын таулы аймақтарда мұз қабаты туралы жедел ақпарат алуға мүмкіндік берді.
