Алматы облысында емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы басым бағыттар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v75.i4.10
        297 102

Аннотация

Мақала Қазақстан Республикасы Алматы облысының емдік-сауықтыру туризмінің даму әлеуетін бағалауға арналады. Аталған өңір өзінің географиялық орналасуымен, таулы бедерімен және бай табиғи ресурстарымен ерекшеленеді. Зерттеудің басты мақсаты – осы аумақта емдік су ресурстарын анықтау және туристерді тартуда оның әлеуетін бағалау.

Зерттеу геология және жер қойнауын пайдалану комитеті ұсынған деректер негізінде жүргізілді. Алматы облысының емдік су ресурстарын айқындау бойынша карта-схема әзірленді. Алынған нәтижелер осы өңірдің барлық ауданы емдік ресурстарға ие еместігін көрсетті, алайда қоры жағынан үлкен Албан Арасан термалды су көзін ерекше атап өткен жөн. Албан Арасан су көзі емдік-сауықтыру туризмінің дамуына септігін тигізетін елеулі әлеуетке ие. Ол отандық демалушылар мен шетелдік туристердің тартылу нүктесіне айналуы әбден мүмкін. Осы саланың табысты дамуы үшін инфрақұрылымды қалыптастыру, сапалы сауықтыру қызметтерімен қамтамасыз ету, туристік маршруттарды, маркетингтік кампанияларды әзірлеу және мемлекеттік қолдау қажет.

Зерттеу Алматы облысында емдік-сауықтыру туризмін дамытуды мемлекеттік қолдауға, инвесторларға жеңілдіктер мен ынталандыру шараларын ұсынуға, индустрияға арналған қолайлы шарт-жағдай құруға шақырады. Саланың түрлі субъектілерін қамтитын туристік кластерді құру бойынша жүйелі іс-әрекеттер оң нәтижеге және туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпалын тигізеді.

Мақала Қазақстанның оңтүстік-шығысында, әсіресе Албан Арасан термалды су көзінде емдік-сауықтыру туризмінің даму әлеуетін растайды. Бұл туристерді тарту және қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған қазіргі заманғы инфрақұрылымды қалыптастыру және кешенді жобаларды дамыту үшін мемлекеттің және жеке инвесторлардың бірлескен іс-әрекеттерін талап етеді.

Авторлардың биографиясы

С.З. Сайдуллаев, Нархоз университеті

Нархоз университетінің аға оқытушысы

А.С. Актымбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(хат-хабарларға арналған автор) – география ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті

Б.И. Актымбаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

География ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы

А.М. Нуржанова, Нархоз университеті

Нархоз университетінің аға оқытушысы

Е.Х. Какимжанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доцент м.а. 

Жүктелулер

Как цитировать

Сайдуллаев, С., Актымбаева, А., Актымбаева, Б., Нуржанова, А., & Какимжанов, Е. (2025). Алматы облысында емдік-сауықтыру туризмін дамытудағы басым бағыттар. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 75(4), 119–136. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v75.i4.10

Шығарылым

Бөлім

Рекреациялық география және туризм