Іле-Алатау ұлттық паркінің географиялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v73.i2-011
        94 46

Кілттік сөздер:

құзыреттілік, оқыту, жоба әдісі, географиялық ерекшелік, дағдылар, зерттеу, педагогикалық тәсіл.

Аннотация

Бұл мақалада Іле-Алатау ұлттық паркінің георафиялық ерекшеліктерін дамыту жоба әдісімен студенттердің кәсіби құзыреттілігі мен экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі ретінде ұсынылған. Педагогикалық университетте бұл әдіс білім алушылардың өз бетінше оқуға деген ұмтылысын ғана емес, сонымен қатар басқаларды оқыту, өз оқушыларына әлем ашу, олардың бейімділігі мен қабілеттерін дамыту қажеттілігін қалыптастыру мүмкіндігі ретінде қалыптасқан білім беру ортасы болған кезде мүмкін болады. Экологиялық соқпақ ұйымдастырудың түрлері, міндеттері, кезеңдері зерттелді. Экологиялық соқпақ құру және пайдалану мақсаттары қарастырылып, студенттердің кәсіби және жалпы мәдени құзыреттіліктерін қалыптастыру тәсілі ретінде жобалар әдісі ұсынылды. Білім беру кәсіптік-дамыту ортасы бітірушіні жаңартылатын білім беру шындығына, әртүрлі білім беру жүйелеріндегі бағдарларға, оқу жоспарларына, бағдарламаларға, оқулықтарға, білім беру технологияларына білім, білік, шығармашылық, құндылық бағдарлары деңгейінде дайындауға, білім мен дағдыларды өз бетінше игеру құзыреттілігі мен қажеттіліктерін қалыптастыруға, ең алдымен педагогикалық мазмұнға дайындауы керек. Экологиялық соқпақты дамыту оқу, ғылыми, зерттеу жұмыстарын сәтті жүргізуге ықпал етеді, экологиялық сауатты адамды тәрбиелеуге жағдай жасайды, мұғалімдерге студенттердің ғылыми жобаларын жасауға ықпал ететін қажетті табиғатты қорғау тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Авторлардың биографисы

Г.О. Беркинбаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты

Ж.Б. Чилдибаев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті профессоры

У.А. Токбергенова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты

А.Н. Мусагалиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы

Е.С. Сарыбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доцент м.а.

Б.М. Біләлов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты

Жүктелулер

Жарияланды

2024-06-25

Как цитировать

Беркинбаева, Г., Чилдибаев, Ж., Токбергенова, У., Мусагалиева, А., Сарыбаев, Е., & Біләлов, Б. (2024). Іле-Алатау ұлттық паркінің географиялық ерекшеліктерін зерттеу негізінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 73(2), 146–157. https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v73.i2-011

Шығарылым

Бөлім

Географиялық білім -беру