Қостанай облысының табиғатты пайдалану шиеленістерінің кеңістіктік құрылымы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2024.v72.i1.010Кілттік сөздер:
табиғатты пайдалану түрі, табиғатты пайдалану шиеленісі, антагонистік функциялар, табиғатты пайдаланудың кеңістіктік құрылымы, Қостанай облысы.Аннотация
Ғылыми зерттеу барысында Қостанай облысының аумағындағы табиғатты пайдаланудың заманауи шиеленістері анықталды, оларды картаға түсіру жұмыстары жүргізілді. Табиғатты пайдалану шиеленістерін құрылымын картаға түсіру үшін Landsat 9 ғарыштық суреттері және 2023 жылы жүргізілген далалық зерттеулердің нәтижелері пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде зерттелетін аймақтың табиғатты пайдалану жұмыстарын шиеленістерінің кеңістіктік құрылымы мен олардын деңгейі анықталды. Авторлар аумақтың табиғатты пайдаланудың кеңістіктік-аумақтық құрылымын талдау негізінде зерттелетін аймақтың табиғатты пайдалану картасы мен табиғатты пайдалану шиеленістердін картасын әзірледі. Авторлар табиғатты пайдалану шиеленістерінің неғұрлым айқын көрінетіні анықтады және талдады: селитебті - табиғатты қорғау; селитебті – көліктік-өнеркәсіптік; рекреациялық – көліктік; табиғатты қорғау – көліктік-өнеркәсіптік; су шаруашылығы – көліктік-өнеркәсіптік; орман шаруашылығы – көліктік. Зерттеу барысында антогонистік қатынастардағы функциялардың мүдделерінің қақтығысы зерттеу аймағының табиғи ортасының жағдайын қиындатып қана қоймай, сонымен бірге табиғи ортаның компоненттерінің жойылуына, біртіндеп деградациясына ықпал етіп, табиғатты пайдаланудың айқын полифункционалды шиеленістерін қалыптастыратыны анықталды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері табиғат пайдаланудың аумақтық-кеңістіктік құрылымын оңтайландыру және Қостанай облысында қоршаған ортаның экологиялық мониторингін ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін.