СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕР БЕДЕРІНЕ ХАЛЫҚТЫ ҚОНЫСТАНДЫРУДЫҢ ҚОЛАЙЛЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ГАЖ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v68.i1.04Кілттік сөздер:
жер бедері, геоморфологиялық жағдай, ГАЖ, көші-қон, жер бедерінің қолайлы жағдайларының деңгейі.Аннотация
Еліміздің оңтүстік аймағындағы тығыз шоғырланған халықтың еңбек ресурстарының әлеуеттік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мақсатында, Солтүстік өңірлерге қоныстандыру қарастылуда. Ол әртүрлі экономикалық салалардың дамуына серпін беру үшін, қажетті және дер кезінде қолға алынған шара болып табылады. «Оңтүстіктен – теріскейге» қоныстандыру бағдарламасы бойынша халықты көшіру жыл сайын қарқын алып келеді. Солтүстік аймаққа халықты көшіру шаралары тығыз орналасқан оңтүстік өңірдің демографиялық мәселелерін шешуде өзіндік пайдасын тигізеді.
Бұл мақалада халықты қоныстандыру үшін қолайлы жағдай тұрғысынан Солтүстік Қазақстан облысы аумағы жер бедерінің қазіргі жай-күйі қарастырылды. Кез-келген геоморфологиялық жағдайлар, егер олар (тұрақты тұру үшін жайлылық, қауіпсіздік және тартымдылық), осы аймаққа қойылатын талаптарға сәйкес келсе оның тіршілік ету ортасының негізі бола алады. Жер бедерінің сандық үлгісін талдаумен бірге кешенді геоморфологиялық зерттеу халықты қоныстандыруға қолайлы жағдайлар тұрғысынан бағалауда маңызды рөл атқарады.
Жер бедерінің морфометриясын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің алынған көрсеткіштерін ескере отырып, жер бедерінің халықты қоныстандыруға қолайлылық дәрежесі бес балдық рейтингтік жүйені пайдалана отырып есептелді: қолайлы, шартты түрде қолайлы, онша қолайлы емес, қолайсыз және өте қолайсыз. Интегралдық көрсеткіш жер бедерінің қолайлылық дәрежесінің әртүрлі аймақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Солтүстік Қазақстан облысы аумағының жартысынан астамы халықтың өмір сүруі үшін қолайлы екені анықталды.