ЖАЙЫҚ (УРАЛ) ӨЗЕНІНДЕГІ КӨКТЕМГІ МҰЗ ПРОЦЕССТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v66.i3.04
        87 126

Кілттік сөздер:

Жайық өзені, көктемгі мұзды процесстер, алғашқы мұздық құбылыстар, мұз жүру, мұздың жылжуы, мұздың ашылуы, ұзақтығы

Аннотация

Қазақстан экономикасында өзендер үлкен маңыздылыққа ие – бұл елдің континенттік климатына байланысты, ондағы халықты сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ суды кешенді дұрыс пайдалануды талап ететін агроөнеркәсіптік ресурстармен негізделеді. Сондай-ақ ірі өзендерде кемелер жүзуі және балық аулау жүзеге асырылады. Экономиканың барлық салалары жұмысын жоспарлау үшін жылдың әрбір маусымындағы гидрологиялық режимнің ерекшеліктерін ескеруді талап етеді.

Бұл зерттеу жұмысында Жайық (Орал) өзеніңдегі көктемгі мұзды процестері қарастырылды. Алынған нәтижелерді бұрынғы жұмыстардың нәтижелерімен, атап айтқанда, «СССР жерүсті суларының ресурстары» анықтамалығының деректерімен таладу жүргізілді. Зерттеу көрсеткендей, өзенде мұз қозғалу үрдісінің ертерек басталуы, мұз жүру және өзеннің мұздан тазалануы байқалды.

Әртүрлі кезеңдер талданды, бірақ басты назар ұзын қатаралы станциялар мәліметтерін қолдана отырып 1937 жылдан 1957 жыл аралығындағы шартты-табиғи кезең және  XX ғасырдың соңы мен  XXI ғасыр басындағы кезеңге  мән берілді.

Биологиялық, химиялық және физикалық процестердің қалыптасуында өзендердегі мұздар  інегізгі рөл атқарады. Сонымен қатар, мұз өзендер шаруашылығына үлкен экономикалық әсер етуі мүмкін. Барлық операциялар мен процестер мұздың қалыңдығының өзгеруіне немесе оның пайда болу және жоғалу уақытына байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-09-30

Как цитировать

Кисебаев, Д., Мусралинова, Г., & Marchenko, S. (2022). ЖАЙЫҚ (УРАЛ) ӨЗЕНІНДЕГІ КӨКТЕМГІ МҰЗ ПРОЦЕССТЕРІ . ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 66(3), 42–52. https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v66.i3.04

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология