АНТРОПОГЕНДІК ГЕОЖҮЙЕЛЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ФАКТОРЛАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ ҰЛАН ӨЗЕНІ АЛАБЫНЫҢ ТОПЫРАҚ ШАЙЫЛУЫН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v66.i3.05Кілттік сөздер:
топырақ, өзен алабы, су эрозиясы, геоақпараттық жүйе, модель.Аннотация
Топырақтың шайылуы – жер ресурстарына, сонымен қатар халық шаруашылығына зиянды әсерін тигізетін қарқынды және кең таралған геоморфологиялық үрдістердің бірі. Табиғатты пайдалану, қорғау және қайта қалпына келтіру жер ресурстарын топырақтың шайылуынан қорғаудың маңызды бөлігі. Қазіргі уақытта эрозиялық үрдістермен күрес ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселелеріне айналып отыр. Аталған мәселелер зерттеу нысаны болып отырған Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан өзені алабына тікелей қатысты. Өзен арналары мен топырақты сақтау үшін эрозияға бейімді аймақты бағалау мен картаға түсіру өте маңызды.
Өзен алабындағы топырақ эрозиясын анықтау үшін әмбебап RUSLE формуласы қолданылды. Формула ГАЖ арқылы біріктірілген әр түрлі көрсеткіштерді қамтиды. Зерттеудің нәтижесінде ArсGIS бағдарламасының негізінде Ұлан өзені алабының карта-сызбалар (өзен алабы территориясының, топырақ түрлері және топырақтың механикалық құрамының, өзен арнасы еңістігінің, өсімдік түрлері мен жерді пайдаланудың) жиынтығы дайындалып, мәліметтерді талдаудың нәтижесінде алаптың топырақ шайылу көрсеткіштері жылына 0,1 ден 7,81 т/га дейінгі екендігі анықталды. Карта-сызбалардың негізі ретінде 2020 жылғы SRTM ғарыштық суреттері қолданылды.
Алынған нәтижелер Жер ресурстарын тұрақты басқару мақсатында белгілі бір жер телімдерінде топырақты сақтау мен жақсарту жоспарларын әзірлеуге негіз ретінде қолданылуы мүмкін. Ал топырақтың шайылу көрсеткішін өзгертуге бағытталған зерттеулер мен талдаулар антропогендік геожүйелердің қалыптасу факторларын анықтауға және зерттеуге мүмкіндік береді.