Алматы қаласында реанализ мәліметтері бойынша метеорологиялық параметрлердің вертикальді таралу ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2022.v65.i2.06Кілттік сөздер:
ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, жел жылдамдығы, корреляциялық байланыс, радиозонд, реанализ, ERA5Аннотация
Метеорологиялық элементтердің жер бетінде уақыт пен кеңістік бойынша өзгеруімен қатар, олардың биіктік бойынша өзгеру тенденциясын да қарастыру маңызды болып келеді. Олардың өзгерісі тәулік ішінде ғана емес, сондай-ақ орташа айлық, жылдық және көпжылдық мәндері біркелкі таралмайды. Метеорологиялық шамаларды биіктік бойынша бақылау және зерттеу көптеген салаларда қажетті болып келеді. Әсіресе, жаһандық климаттық жылыну мәселесін зерттегенде маңызды. Алайда, еркін атмосфераны зондылау ақпараттарының аз болуы айтылған мәселелерді шешуде қиындықтар тудырады. Қазіргі таңда көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары еркін атмосфера сипаттамалары туралы ақпараттарды ренализ арқылы ұсынады. Мақалада 2012-2018 жылдар аралығындағы ауа температурасын, салыстырмалы ылғалдылығын және жел жылдамдықтарының Алматы аэрологиялық станциясының радиозондылау ақпараты мен ERA5 реанализ архивінің мәліметтерін қолданылып, салыстыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, қарастырылғанстандартты 925-100 гПа деңгейлердегі метеорологиялық элементтердің радиозондылау және реанализ бойынша есептелген айырмашылықтары рұқсат етілген шекте ауытқитындығы анықталды. Салыстырмалы ылғалдылық пен жел жылдамдығы үшін екі ақпарат көзінің арасында корреляциялық байланысы да жақсы (0,6-0,9) көрсеткішке ие, ауа температурасы үшін корреляциялық коэффицент өте жақсы (0,9) болды. Ауа температурасы үшін абсолютті қателік -3,2 °С-тан 0,7 °С-ға дейін ауытқиды. Ал салыстырмалы ылғалдылық үшін абсолютті қателік ±10-30% аралығын көрсетеді. Жел жылдамдығының абсолютті қателігі 0,5-1 м/с арасында өзгереді. Зерттеу нәтижелері бойынша ERA5 реанализ мәліметтерін берілген аймақта метеорологиялық параметрлердің биіктік бойынша таралуын зерттеуде пайдалануға болатындығы анықталды.