Батыс Қазақстанның биоклиматтық жағдайларын бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v69.i2.07
        111 72

Аннотация

Бұл мақалада метеорологиялық параметрлерді кешенді есепке алу негізінде  Батыс Қазақстан аумағы үшін 2010-2020 жылдардағы жылы және суық кезеңдердің биоклиматтық жағдайларына баға беріледі. Осы бағалауды жүргізу үшін төрт биоклиматтық индекстер есептелді, мысалы тиімді температура, эквивалентті тиімді температура, қалыпты эквивалентті тиімді температура, Бодман индексі және солардың негізінде зерттелетін аумақта халықтың өмір сүруі үшін климаттық жағдайлардың жайлылық деңгейі анықталды. Есептеу кезінде Батыс Қазақстандағы негізгі бес станция үшін тәуліктік температураның, ауаның салыстырмалы ылғалдылығының және жел жылдамдығының бастапқы деректері пайдаланылды. Бұл жұмыстың маңыздылығы адам денсаулығының климаттық факторларға тәуелділігін анықтау және табылған биоклиматтық көрсеткіштердің көмегімен Батыс Қазақстан аумағының климаттық жағдайлары адамның тыныс-тіршілігі мен тынығуы үшін қаншалықты қолайлы екенін зерттеу болып табылады. Нәтижелердің талдауы көрсеткендей, суық жартыжылдықта ауа-райының орташа қатал түрі басым болады, ал жылы мезгілде зерттелетін аумақтың климаты жылы болып саналады. Жалпы, Батыс Қазақстанның климатын осы өңірде халықтың тұруы, денсаулығы және жұмысы үшін қолайлы деп санауға болады.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-06-19

Как цитировать

Ахметова S., & Турсумбаева , М. . (2023). Батыс Қазақстанның биоклиматтық жағдайларын бағалау. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 69(2). https://doi.org/10.26577/JGEM.2023.v69.i2.07

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология