Туризм индустриясы үшін мамандар даярлаудың заманауи кәсіби тәсілі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v63.i4.06
        196 17

Кілттік сөздер:

туризм, туристік білім, туризм индустриясының маманы, білім беру бағдарламасы, білім беру стандарты.

Аннотация

Қазіргі уақытта туристік білім беруде мемлекеттің талаптарына да, өңірлік және халықаралық деңгейдегі еңбек нарығының сұраныстарына да жауап беретін маман даярлау міндеті тұр. Туризм индустриясының заманауи қызметкері, бұл тәжірибеге бағытталған және интегралды сипатқа ие, сонымен қатар өмір бойы үздіксіз білім беру немесе білім беру тұжырымдамасын ілгерілетуге ықпал ететін сапалы, жүйелі туристік білімнің «өнімі». Бұл мақалада Қазақстан Республикасының туризм индустриясы мамандарын даярлаудың қазіргі жай-күйіне талдау жүргізіледі, оның барысында авторлар «Туризм» білім беру бағдарламаларын (ББ) және туризм бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын Республиканың 40-тан астам жоғары оқу орындарының осы бағыт бойынша оқыту нәтижелерін жоспарлы түрде зерделеді. Ғылыми-зерттеу қызметі процесінде қолданыстағы бағдарламалардың негізгі компоненттерін анықтау мақсатында «Туризм» ББ бойынша негізгі жоғары оқу орындарына сауалнама құрастырылып, жүргізілді. Авторлар «Туризм» (бакалавриат, магистратура, докторантура) бағыты бойынша білім беру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттарға, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы әзірлеген «Туризм» кәсіби стандартына, сондай-ақ еліміздің туристік индустрия субъектілеріне жүргізілген сауалнама нәтижелеріне талдау жасады. Алынған мәліметтер негізінде авторлар «Туризм» ББ қалыптастырудың басым бағыттарын және туризм индустриясы үшін маманды оқыту нәтижелерін қалыптастыруға қажетті негізгі ұстанымдарды анықтады. Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі туристік білім берудің негізгі бағыттарының бірі ретінде туризмдегі адам ресурстарын басқару жүйесі пәндерінің мысалында білім берудің үш деңгейінде (бакалавриат, магистратура, докторантура) апробацияланған туризм индустриясы маманының үздіксіз құзыреттілігін дамыту моделін әзірлеу болды.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-12-29

Как цитировать

Пестова, А., Губаренко, А., & Имангулова, Т. (2021). Туризм индустриясы үшін мамандар даярлаудың заманауи кәсіби тәсілі. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 63(4), 56–69. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v63.i4.06

Шығарылым

Бөлім

Рекреациялық география және туризм