Павлодар облысы ауылдық жерлерін дамытудың экономикалық-географилық аспектілері

Авторлар

  • Ү. Касен Торайғыров университеті, Қазақстан, Павлодар қ.
  • Ш. Каирова Торайғыров университеті, Қазақстан, Павлодар қ. https://orcid.org/0000-0002-4735-8240

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v62.i3.01
        205 129

Кілттік сөздер:

ауылдық жерлер, ауылдық жерлерді экономикалық бағалаудың әдісітемесі, типология, экономикалық индикатор, тұрақты дамудың индикативтік жүйесі

Аннотация

Қазақстан Республикасы халқына Жолдауында Президент ауыл аумақтарының өмір сүру сапасын жақсарту және экономикалық жағдайын арттыру міндетін қойды. Бұл міндетті орындауда маңызды қадам – ауылдық аумақтарды зерттеу, олардың экономикалық даму деңгейін анықтау болып табылады. Бұл ғылыми мақалада индикаторларды, соның ішінде экономикалық даму индикаторын қолдана отырып, ауылдық аумақтарды бағалау әдістемесі сипатталған. Павлодар облысы аудандарының түрлі экономикалық салаларының статистикалық мәліметтері жүйеленді. Зерттеу барысында әр ауданның экономикалық көрсеткіштерінің рейтингтік бағасы есептелді, нәтижесінде оларды түрлерге жіктеуге мүмкіндік туды. Мақаланың нәтижесі Павлодар облысының ауылдық аумақтарын экономиканың даму деңгейі бойынша үш түрге бөлу болып табылады, осы түрлерді сипаттайтын карта жасалды, экономиканың әрбір саласының артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілді, бұл болашақта олардың қайсысын жақсарту керектігін түсінуге мүмкіндік береді. Анықталған түрлерге сай облыс аудандары мен ауылдарында жүргізе алынатын арнайы шаралардың үлгісі көрсетілген. Берілген шараларға сүйене отырып әрбір ауданда қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс екендігі анықталған. Сонымен қатар, әр ауылдық жердегі өмір сапасының деңгейі туралы сөз көтеріліп, оның қазіргі кездегі маңыздылығы туралы айтылды.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-09-23

Как цитировать

Касен, Ү. ., & Каирова, Ш. (2021). Павлодар облысы ауылдық жерлерін дамытудың экономикалық-географилық аспектілері. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 62(3), 4–12. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v62.i3.01

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география