Қапшағай су қоймасындағы температуралық режимнің климат өзгеруіне әсері

Авторлар

  • А. Керімқұл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • А. Мадибеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0001-9303-6640

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v63.i4.04
        227 151

Кілттік сөздер:

Қапшағай су қоймасы, ауа температурaсы, су температурасы

Аннотация

Белгілі бір аумақта рекреациялық іс-шаралар өткізу үшін қоршаған ортаның жайлылығын күн радиациясы басқа да маңызды метеорологиялық элементтермен бірге, яғни,  ауа температурасы, ауа ылғалдылығы және жауын-шашын мәліметтерімен сипаттайды. Осы метеорологиялық шамалардың әрқайсысы белгілі бір дәрежеде жердің рекреациялық әлеуетін, рекреацияның әртүрлі түрлерін жүзеге асыру мүмкіндігін көрсетеді. Алайда, көбінесе аумақтың демалуға жайлылығы, ең алдымен, ауа температурасы бойынша бағаланады. Соған байланысты мақалада Қапшағай су қоймасының және оған жақын орналасқан станциялардың 1950-2012  жылдар аралығындағы температуралық режимін статистикалық талдау арқылы оның климатқа әсерін зерттеу қарастырылды.

Зерттеу барысында Қапшағай су қоймасы салынғанға дейінгі және су қоймасы ашылғаннан кейінгі кезеңдегі ауа температурасы өзгерістері және оның климатқа әсер ету сипаты зерттелді.

Зерттеу нәтижелері метеобақылауларға сәйкес, күрт континентальды климат жағдайында су қоймалары қысқы кезеңнің жылынуына әкелетіндігін, бұл жазғы кезеңде ауа температурасының төмендеуіне қарамастан, су қоймасының көлеміне байланысты 1-50 км радиуста жылы кезеңнің ұзақтығын 1-2 аптаға арттыратынын көрсетті.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-12-29

Как цитировать

Керімқұл, А., & Мадибеков, А. (2021). Қапшағай су қоймасындағы температуралық режимнің климат өзгеруіне әсері. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 63(4), 36–44. https://doi.org/10.26577/JGEM.2021.v63.i4.04

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология