Іле өзені атырауының сулы-батпақты алқаптарының экологиялық жағдайы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v59.i4.06Кілттік сөздер:
ақпараттық жүйе, аэрофотосуреттер, географиялық дешифрлеу, ғарыштық түсірілімдер, сулы-батпақты алқаптар, сулы жерлер, өзен атырауы, экожүйе, экология.Аннотация
Мақалада Іле өзені атырауындағы сулы-батпақты алқаптардың көпжылдық динамикасын зерттеу нәтижелері келтірілген. Іле өзені атырауындағы сулы-батпақты жерлердің дағдарысы қазіргі кезде маңызды экологиялық мәселе болып табылады. Іле өзені суының азаюы және аймақтағы құрғақшылық, антропогендік іс-әрекеттер салдарынан өткен ғасырда, әсіресе, соңғы бес-онжылдықта атыраудаға сулы-батпақты алқаптар дағдарысқа ұшырауда. Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, сулы-батпақты ортаның өзгерістері атыраудың барлық аумағын қамтыды, яғни, сулы жерлердің азаюы, сол себепті сулы-батпақты ортаның жойылуы және сор аумақтарының ұлғаюы салдарынан аумақта зор экологиялық жағдай орын алуда. Іле өзені атырауының үлкен аумақты алып жатқанын ескере отырып, зерттеу барысында қашықтықтан барлау әдістері, сондай-ақ осы өңірде бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері қолданылды. Зерттеу мәліметтері ретінде 1958 жылдан 1975 жылға дейін аэрофотосуреттерді дешифрлеу әдісімен бұрын жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, 1980 жылдан 2015 жылға дейін Landsat ғарыштық аппаратынан алынған деректер пайдаланылды. Сонымен қатар, ғарыштық суреттерден алынған мәліметтерді дәлдігін айқындау мақсатында зерттеу аумағында тікелей далалық жұмыстарының кешені жүргізілді. Іле өзені атырауының соңғы жылдардағы ғарыштық түсірілімдеріне қарай отырып атыраудың тіпті бас бөлігінің өзі ерте көктемде табиғи жолмен суланбайтынын көреміз, соған сәйкес қазіргі атыраудың болашақтағы экологиялық жағдайы толығымен өзен суын реттеп жіберуге тікелей байланысты болмақ.