Жыланды өзені алабының «Rusle» моделі бойынша топырақ эрозиясын бағалау

Авторлар

  • Н. Б. Маханова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
  • Ж. Г. Берденов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ. http://orcid.org/0000-0002-2898-8212
  • К. K. Абильдинов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
  • Е. Х. Мендыбаев Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қазақстан, Ақтөбе қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v59.i4.05
        170 249

Кілттік сөздер:

топырақ, эрозия, өзен алабы, модельдеу, ГАЖ.

Аннотация

Топырақ эрозиясы – ауылшаруашылығының интенсификациясы нәтижесінен, жердің деградациясы және басқа антропогендік әрекеттерден туындайтын күрделі мәселе болып есептеледі. Топырақ эрозиясын бағалау жұмыстары суайрықтарда немесе өзен алаптарында экологиялық жоспарлау кезінде жүргізіледі. Сондықтан модельдеу топырақтың эрозиясын және шөгінділердің өнімділігін бағалаудың сандық және дәйекті тәсілін әр түрлі жағдайда қамтамасыз ете алады. Осы зерттеуде Қазақстанның солтүстік бөлігінде орналасқан Жыланды өзенінің алабындағы топырақ шығынын бағалау үшін ГАЖ-бен біріктірілген топырақ шығынының әмбебап формуласы (RUSLE) қолданылды. RUSLE моделінің параметрлері Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдану арқылы бағаланды, ал мүмкін болатын эрозия аймақтары ГАЖ көмегімен анықталды. Топырақтың тозуының есептік көрсеткіштері жылына 0,001-ден 1,631 т-ға дейін ауытқиды. Алынған нәтижелер топырақтың жыл сайынғы ықтимал шығынының жылына шамамен 189,17 т құрайтындығын көрсетеді. Ауылшаруашылық жерлерінің ұлғаюына байланысты топырақ эрозиясының болжамды қарқыны жылына 250 т құрайды. Зерттеу нәтижесінде өлшенген қабаттасу индексі әдісін қолдана отырып, эрозияның ықтимал аймағының картасы алынды, сонымен қатар зерттелінген аймақтың едәуір бөлігі эрозия процесінің жоғары және өте жоғары ықтималдық аймағына түсетіндігі анықталды.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-01-15

Как цитировать

Маханова, Н. Б., Берденов, Ж. Г., Абильдинов К. K., & Мендыбаев, Е. Х. (2021). Жыланды өзені алабының «Rusle» моделі бойынша топырақ эрозиясын бағалау. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 59(4), 56–69. https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v59.i4.05

Шығарылым

Бөлім

Геоэкология