Қазақстандағы стратосфералық озонның таралу ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v59.i4.03Кілттік сөздер:
озонның жалпы құрамы, температура, салыстырмалы ылғалдылық, оң және теріс корреляция.Аннотация
Озонды бақылау және оның құрамына мониторинг жүргізу өте маңызды, өйткені олар әлем халқына жер бетіндегі өмірді қорғауға бағытталған саясат саласында негізделген шешімдер мен шаралар қабылдауға негіз береді. Озон қабатының жұқаруы табиғатқа, адам денсаулығына зиян келтіретіндіктен, Қазақстан территориясындағы стратосфералық озонның кеңістіктік-уақыттық динамикасын зерттеу маңыздылығын жоғалтпайды. Озон және ультракүлгін сәуле жөніндегі дүниежүзілік деректер орталығы мен Вайоминг университетінің бақылаулары нәтижесінде алынған аэрологиялық мәліметтер негізінде Қазақстанда озонға бақылау жүргізілетін станциялар бойынша озонның жалпы мөлшері мен оның басқа да метеорологиялық параметрлермен (20 км биіктіктен жоғары ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылық және жел жылдамдығы) байланысы зерттелді және олардың арасындағы корреляциялық байланыс есептелді. Бақылау қатарларын корреляциялық талдау көмегімен шамалар арасындағы қатынастар зерттелді, олардың өзара әрекеттесуінің мүмкін механизмдері туралы гипотезалар айтылды және зерттеу әдісі ретінде статистикалық өңдеу әдісі қолданылды. Қарастырылған сипаттамалардың орташа жылдық жүрісі келтірілді. Нәтижесінде қарастырылған метеорологиялық параметрлердің әрқайсысы озонның концентрациясына әсер ететіні, әсіресе, ауа температурасының өзгерістерімен тығыз байланыста екені анықталды. Стратосфераның қатты қызуы әсерінен ауа температурасы мен ОЖҚ арасындағы оң байланыс анықталды, ал ол қалыпты жағдайда теріс байланысқа ие.