Туpистік-peкpeациялық peсуpстаp туpистік-peкpeациялық әлeуeттің нeгізі peтіндe: Шығыс Қазақстан облысы мысалында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//JGEM.2020.v57.i2.07
        77 327

Кілттік сөздер:

туpистік peсуpс, туpистік әлeуeт, табиғи туpистік-peкpeациялық peсуpстаp, туpистік-peкpeациялық әлeуeт, Шығыс Қазақстан облысы.

Аннотация

Осы ғылыми мақалада туристік-рекреациялық салада туындаған терминологиялық проблемалар қарастырылады. Олардың бірі «туристік ресурс» және «туристік әлеует» терминдерінің арасындағы семантикалық айырмашылықтармен байланысты. Сондай-ақ отандық және шетелдік зерттеушілердің «туристік ресурстарды» және «туристік әлеуетті» бағалаудың әртүрлі тәсілдеріне талдау жүргізілді. Қарастырылып отырған мәселелердің бірі табиғи туристік-рекреациялық ресурстарды туристік-рекреациялық әлеуеттің негізі ретінде зерттеу болып табылады. Аумақтың рекреациялық әлеуетін перспективалы аумақтық рекреациялық жүйелердегі рекреация мен туризмді дамытуда объективті және субъективті алғышарттардың жиынтығы ретінде қарастыру қажет екендігі белгіленді. Сонымен қатар, өңірдің туристік және рекреациялық әлеуеті туристікрекреациялық жүйелерді жобалаудың, орналастырудың және дамытуды оңтайландырудың, сондай-ақ олардың меншікті ресурстарының құндылығы мен олардың үйлесімділігіне, туризм мен рекреацияның тұрақты дамуына сүйене отырып, олардың негізгі функцияларын анықтаудың маңызды бөлігі болып табылатыны анықталды. Осылайша, Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) мысалында табиғи факторлардың рекреациялық қызметтің объектілері мен бағыттарына тәуелділігі көрсетілген. Бұдан басқа, осы ғылыми мақала шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша туризмді дамытудың табиғи алғышарттарына бағалау жүргізілді және аттрактивтілік дәрежесі бойынша ландшафттық түрлердің классификациясы талданды және осы өңірде туризмді дамытудың перспективалық бағыттары анықталды. Зерттеудің қорытынды нәтижесі ретінде ғалымдар мен зерттеушілердің түрлі әдістемелерін қолдану негізінде Шығыс Қазақстан облысының аумағын табиғи ландшафттардың аттрактивтілік дәрежесі бойынша аудандастыру картасы жасалды.

Жүктелулер

Жарияланды

2020-10-20

Как цитировать

Aktymbayeva, A. S., Beken, A. N., Koshkimbayeva, U. T., & Sapiyeva, A. Z. (2020). Туpистік-peкpeациялық peсуpстаp туpистік-peкpeациялық әлeуeттің нeгізі peтіндe: Шығыс Қазақстан облысы мысалында. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 57(2), 80–91. https://doi.org/10.26577//JGEM.2020.v57.i2.07

Шығарылым

Бөлім

Рекреациялық география және туризм