Шу-Талас алабы өзендерінің ағындысына ірі су қоймалардың әсерін бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//JGEM.2020.v57.i2.03
        84 91

Кілттік сөздер:

статистикалық әдіс, орташа жылдық су өтімі, қатардың біртектілігі, шартты табиғи кезең, тұрмыстық кезең, табиғи кезең.

Аннотация

Мақалада гидрологиялық деректерді жинау және талдау негізінде антропогендік факторларды ескере отырып, Шу-Талас алабы өзендерінің жылдық ағындысына ірі су қоймалардың әсері бағаланды. Алaп бoйыншa гидрoлoгиялық мәлiметтер қoры жеткiлiксiз бoлғaндықтaн, тaңдaлғaн есептiк кезең бойыншa гидрологиялық мәлiмет қaтaры ұқсaсөзен тәсілін пaйдaлaну aрқылы қaлпынa келтiрілді. Алaптaғы өзендердiң қaтaрiшiлiк бiртектiлiгi StokStat бaғдaрлaмaсы көмегімен Стьюдент, Фишер, Вилкоксон критерийлері бойыншa бaғaлaнды. Бағалау қорытындылары оң нәтиже көрсетті, сол себептен де өзен ағындысына ықпал ететін адамның шаруашылық іс-әрекетінің дәрежесін анықтау мақсатында жиынтық интеграл қисықтары тұрғызылды. Графиктік тәсіл көмегімен ағындының өзгеріске ұшырағандығы және оның басталу датасы су қоймалардың салынып, пайдалануға берілген уақытымен тұстас екендігі анықталды. Ірі су қоймалардың әсерінен ағындысы өзгеріске ұшыраған өзендердің су қоймалар салынғанға дейін және одан кейінгі ағындысының статистикалық параметрлері анықталды. Су қойманың ағындыға әсері жиынтық интеграл қисықтары мен табиғи және бұзылған кезеңдерге тұрғызылған қамтамасыздық қисықтары бойынша алынған түрлі қамтамасыздықтағы ықтимал мәндерді салыстыру арқылы бағаланды. Зерттеу нәтижелері су қоймаларды жобалау, сондай-ақ су қойманың ағынды режиміне әсерін бағалау кезінде практикалық мәнге ие.

Жүктелулер

Жарияланды

2020-10-20

Как цитировать

Mussina, A., Shaybek, A., Zhanabayeva, Z., & Raimbekova, Z. (2020). Шу-Талас алабы өзендерінің ағындысына ірі су қоймалардың әсерін бағалау. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 57(2), 28–40. https://doi.org/10.26577//JGEM.2020.v57.i2.03

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология