«Эко-қала» тұжырымдамасының даму тарихы мен соңғы тенденциялар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v56.i1.01
        139 369

Кілттік сөздер:

эко-қала, қалалану, тұрақтылық, тұрақты қала, ақылды қала.

Аннотация

Қалалық тұрақтылықты (ағыл. urban sustainability) арттыру ұмтылысын түсіндіретін, жаңа мыңжылдықтың басында, әдеби деректерде, жаңа термин пайда болды. Бұл қазіргі таңда жаңа құбылыс – эко-қала, өзінің шарықтау шегіне жетті. Ғаламдық климаттың өзгеруі және шапшаң қалалану (ағыл. rapid urbanization) секілді экологиялық проблемалардың потенциалды шешімі ретінде, эко-қаланың маңызды рөлі анықталды. Сол себепті бұл құбылыс, қала басшыларының жүргізіп отырған саясатының басты бағытына айнала бастады. Мақаланың мақсаты - «эко-қала» тұжырымдамасының мәнін ашу. Осыған орай дүние жүзіндегі аса танымал эко-қалаларға шолу жасауға, оның ішінде қалалық тұрақтылық үрдісіндегі өзге де маңызды терминдерді, соның ішіндегі «тұрақты қала», «ақылды қала» ұғымдарын айқындауға арналады. Бұл мақала, жоғарыда аталған тұжырымдаманы кезінде зерттеген басты ғалымдардың жұмысына талдау және шолу жасау, сонымен қатар статистикалық мәліметтерге кешенді талдау арқылы жүзеге асырылды. Нәтижесінде «эко-қала» тұжырымдамасының даму кезеңдері, нақты эко-қалалардың даму типтері мен орындалу сипаты анықталды және осы көрсеткіштер бойынша бастапқыдағы 79 экоқалалардың сипаттамалары ұсынылды. Бұл мақаланың маңыздылығы келесіде: әлемде жүзеге асырылып жатқан эко-қалалар жобалары мен Жапония Үкіметі бастаған эко-модель қалалары жобасының арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктердің анықталуында.

Жүктелулер

Жарияланды

2020-08-23

Как цитировать

Керімова, Ж. Қ., Ахапов, Е. А., & Shimizu К. (2020). «Эко-қала» тұжырымдамасының даму тарихы мен соңғы тенденциялар. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 56(1), 4–14. https://doi.org/10.26577/https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v56.i1.01

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география