ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫС ӨҢІРЛЕРІНДЕГІ АТМОСФЕРАЛЫҚ ЖАУЫН-ШАШЫНДАРДЫҢ КӨПЖЫЛДЫҚ ТАРАЛУ ДИНАМИКАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v55.i4.05Кілттік сөздер:
жауын-шашын аномалиясы, тренд сызығы, жауын-шашынның көпжылдық нормасы, жұп корреляция, матрица, циркуляция формaлары.Аннотация
Жауын-шашын – уақыт пен кеңістік бойынша өте өзгермелі келетін метеорологиялық құбылыс. Атмосфералық жауын-шашынның көпжылдық таралу режимін зерттеу өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Жауын-шашынның кеңістікте біркелкі таралмауын бірнеше авторларлар қарастырған. Жауын-шашын таралуының әркелкілігі ірі масштабты атмосфералық процестер мен төселме беткейдің сипаты бедердің күрделілігімен анықталады. Бұл факторлар тығыз байланыста болып, кеңістік пен уақыт бойынша жауын-шашынның таралу жағдайын сипаттайды. Мақалада Қазақстанның шығыс өңірлеріндегі атмосфералық жауын-шашынның көпжылдық таралу динамикасы қарастырылған. Атмосфералық жауын-шашынның климаттық таралу ерекшеліктеріне сипаттама жасалынып, климаттық таралуына әсер ететін фaкторлар көрсетіліп, аса ылғалды және тапшы кезеңдердің қайталанушылығы мен макроциркуляциялық жағдайлары айқындалды. Аномальды ылғалды және тапшы кезеңдердегі жұп корреляция коэффициенті матрицасы анықталды. Атмосфералық жaуын-шашынның динамикасын талдау үшін метеорологияда кеңінен қолданылатын математикалық, статистикалық талдау және климаттық нормадан ауытқу әдістері қолданылды. Зерттеу жүргізу барысында 1930-2017 жж. Шығыс Қазақстан облысындағы Семей, Өскемен, Аягөз, Зайсан станцияларында жауын-шашынның жылдық мөлшері шамамен 8-20 мм кеміген. Жауын-шашынның басым мөлшері жазда (428 мм), аз мөлшері қаңтар және ақпан айларына сәйкес келетіні (жылдық норманың 7-13 %) анықталған. Суық кезеңде жауын-шашын суммасы орташа көпжылдық нормадан 55 %-дан төмен, ал ылғалды жылы кезеңде жауын-шашын суммасы көпжылдық нормaдан 50 %-ға төмен болған. Ылғалды және суық кезең Шығыс Қазақстанда 1940 жылдары басталып, жылы мезгілде жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан 60 % асқан. 1936-1980 жылдары Ш формaсының қайталанушылығының кемуі мен С, Е формаларының қайталанушылығының өсуі байқалып, 1981-2008 жылдары Ш формaсының қайтaланушылығының өсуі мен С, Е формаларының қайталанушылығының кемуі Семей станциясында жауын-шашын мөлшерінің өсуіне, Аягөз станциясында жауын-шашын мөлшерінің кемуіне, Өскемен және Зайсан станцияларында қалыпты таралуына әкелген.