СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АТЫРАУЫ МЕН АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰРҒАҒАН ТАБАНЫНДАҒЫ ЖЕРДІҢ ТОЗУЫН ЛАНДШАФТТЫҚ-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v55.i4.04Кілттік сөздер:
Арал теңізінің құрғаған табаны, жердің тозуы, жер пайдалану типтері, ландшафттық-экологиялық бағалау, Сырдария өзені атырауы.Аннотация
Сырдария өзені атырауы мен Арал өңіріндегі экологиялық шиеленістің күшеюі алдымен экономикалық себептерге байланысты болды. Жаңа, неғұрлым өнімі молырақ табиғишаруашылық жүйелер құрумен қатар Қызылорда облысында суармалы егіншілік алқаптарын кеңейту аквальды және субаквальды геожүйелерде табиғи теңгерімнің бұзылуына, шөлейттену процесінің пайда болуы мен дамуына ықпал жасады. Шөлейттену процестерінің бағыты, қарқыны мен ауқымы бірқатар ерекшеліктермен сипатталғанымен, табиғи ортаның тозуының шешуші факторы адам әрекетінің нәтижесі болды. Аймақтың табиғатына өңірлік және жергілікті антропогендік әсер табиғи ландшафттар мен олардың жекелеген бөліктерін түбегейлі өзгертті және экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соқты. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары Сырдария өзені атырауында суланудың төмендеу фонында ылғал сүйгіш табиғи аумақтық кешендер алқаптары күрт қысқарды, екінші ретті сортаңдар, тақыр топырақтар, шөлейттенген гидроморфтық топырақтардың аналогтары (аллювийлікшалғынды, батпақты-шалғынды, шалғынды-батпақты) топырақтары бар трансформацияланған ландшафттардың ауданы ұлғайды. Атыраулық ландшафтарының «галофиттену» үрдісі басым жағдай қалыптасты. Мақалада Сырдария өзені атырауы мен Арал теңізінің құрғаған табанындағы жердің тозу процестеріне ландшафттық-экологиялық талдау жасалды. Ландшафт түрлерінің шаруашылықта пайдаланылу типтері талданды. Аумақтың ландшафттық картасы мен жер пайдалану типтері картасы құрастырылды. Атыраулық ландшафттардың қазіргі жай-күйі мен шаруашылықта пайдаланылу жағдайы, антропогендік әсердің салдары көрсетілді. Алынған талдау нәтижелері аумақты оңтайландыру мен тиімді пайдалану бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу мақсатында функционалдық зоналау жүргізу жұмыстарына пайдаланылады.