ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАННАН КЕЙІНГІ ЖЫЛДАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (1991-2009 жж.) ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2020.v55.i4.02Кілттік сөздер:
ауыл шаруашылығы, реформалар, азық-түлік, мал шаруашылығы, жекешелендіру, аграрлық сектор, нарықтық қатынастар.Аннотация
Аталмыш мақалада Қазақстан Республикасында және тәуелсіздік алғаннан бергі ауыл шаруашылығының дамуы қарастырылған. Қазақстанның экономикасының маңызды салаларының бірі – ауыл шаруашылық болып табылады. Дүние жүзінде халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету маңызды проблемаға айналды. Көптеген дамыған елдерде ауыл шаруашылығы салаларына мемлекет тарапынан ауқымды қолдау көрсетіледі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру салаларының дамуы жаңа технологияларға, олардың қамту аясын кеңейту әрбір мемлекеттің азық-түлік ресурстарының қамтылу деңгейін көрсетеді. Қазақстан Республикасы дүние жүзі бойынша аграрлық шикізат өндіретін алдыңғы елдердің қатарында тұр. Өйткені Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерінің арасында алатын орны айрықша. Себебі, Қазақстан Орта Азияның орталық бөлігінде ауқымды ауыл шаруашылығымен айналысуға болатын аумақта орналасқан. Бұл, біріншіден, елдің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын анықтайтын бірден бір фактор болып табылады. Екіншіден, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздік жағдайына үлкен ықпалын тигізеді. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық саласы 1991- 2009 жылдары республиканың жаңа нарықтық экономикалық жағдайға көшуіне байланысты көптеген өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Бұл, әсіресе, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы саласына қатты әсерін тигізді. Республикада жаппай жекешелендіру саясаты жүргізіліп, көптеген өндіріс және кәсіпорындар жеке қолдарға беріле бастады. Мақалада елдің экономикасы жаңа нарықтық жағдайға көшуіне байланысты Қазақстан Республикасы бойынша 1991-2010 жылдар аралығындағы, соның ішінде мал шаруашылығының дамуының негізгі алғышарттары, өзгерістері анықталды. Зерттеу нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өзгерістері Қазақстан Республикасында үш кезең аралығында дамығаны анықталды. Ол экономикалық нарықтың көшуімен (1991 жылғы бірінші кезең), ауыл шаруашылық салалары мен құрылымдарының (1995-1996 жылдардағы екінші кезең), мемлекеттің қалған салаларының жаппай жекешелендіруіне сәйкес жүргендігі анықталды (1998 жылғы үшінші кезең).