Топырaқ шaйылуындaғы жaуын- шaшын интенсивтілігін (R-фaкторын) интерполяция әдісі aрқылы aнықтaу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2019.v52.i1.011Аннотация
Топырақ шайылу үрдісі жер ресурстарына, сонымен қатар халық шаруашылығына елеулі теріс
әсерін тигізетін интенсивті үрдістердің бірі болғандықтан, қазіргі таңда зрозиялық үрдістердің
басым түрін анықтау, топырақтың шайылу үрдісін есептеп шығарып, оны оңтайландыру және
алдын алу шараларын ұйымдастыру қажетті жұмысқа айналып отыр. Топырақтың шайылуына
әсер етуші басты факторлардың бірі - жауын-шашын мөлшері (R). Себебі, оның көлемі мен
түсу интенсивтілігінің жоғары болуы топырақтағы эрозия үрдісінің пайда болуына алып келеді.
Көрсетіліп отырған жұмыста жауын-шашын интенсивтілігі (R-факторы) ГАЖ технологиясында
интерполяция әдісімен есептелді және R-факторын анықтау алгоритмдері ұсынылады. Шежин-1
өзені солтүстіктен оңтүстікке қарай 72 км, ал батыста шығысқа қарай 33 км-ге созылып
жатыр. Осыған байланысты жауын-шашын оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгереді. Оңтүстік
массивтердің 16%-на жылына 300 мм жауын-шашын түскен жағдайда олардың мәні солтүстікке
қарай өседі. Топырақ эрозиясы ұсақ түйірлі топырақтарда, ылғал мол түсетін және қатты желді
аймақтарда жиі кездеседі. Топырақ қатты эрозиялық үдеріске ұшыраған жағдайда топырақтың
құнарлылығы төмендейді, егілген тұқымдарға кесірін тигізеді, жайылымның сапасы нашарлайды.
Осының барлығы ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Осыған байланысты, осы мақалада
осы тақырыпқа назар аударылады және жауын-шашынның қарқындылығы (R-фактор) GIS
технологиясында интерполяция әдісі арқылы есептелді. Зерттеу нәтижесінде Шежін-1 өзені
алабының ауыл шаруашылық жерлеріне түсетін жылдық жауын-шашын мөлшері 300 мм-ден-
325мм-ге дейін өзгеретіні анықталды.