NDVI (Normаlized Difference Vegetаt ion Index) – өсімідіктep индeксін есептеу алгоритімінің негізі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM.2019.v52.i1.010Аннотация
Бүгінгі таңда вегетациялық индексті анықтау ең маңызды мәселелердің бірі. Бұл әртүрлі
спектральды арналармен математикалық операциялардың нәтижесінде алынған өсімдіктердің
сипаттамалары. Ең танымал өсімдік индекстерінің бірі NDVI.
NDVI кез-келген қызыл түсті арнасы (0,55-0,75 мкм) және инфрақызыл диапазонда (0,75-1,0
мкм) спектральды арналары бар жоғары, орташа немесе төмен ажыратымдылықтағы суреттер
негізінде есептеледі. NDVI есептеу алгоритмі қашықтықтан зерделеу деректерін өңдеуге
(АrcGIS, Аrc View, ERDАS Imаgine, Ermаpper, ENVI, ScаnView, Scаnex MODIS процессоры, және
т.б.) арналған барлық танымал бағдарламалық жасақтама пакеттеріне салынған. Мақалада АrcGIS
және ENVI бағдарламаларында, Іле Алатауының солтүстік беткейі мысалында, NDVI өсімдіктер
индексін есептеу алгоритімдері ұсынылды.
Көптеген ғылыми жарияланымдарға сәйкес, NDVI индексі жоғары дәлдікпен өсімдік
өнімділігін болжай алады. Бұл индекстін мәні маусым бойы өзгеріп тұрады және өсімдіктің өсу
және гүлдену кезінде оның мәндері әртүрлі болады. Кезеңнің басында индекс өседі, гүлдену
кезінде өсім тоқтайды, содан кейін өсімдік пісіп жетілгенде NDVI мәні азаяды. Топырақтың
құнарлылығын, ауа райы жағдайын және егінді өсіру технологиясын ескере отырып, биомасса
дамуының жылдамдығы әртүрлі болады.