Қазақстанда құрғақшылықтың қалыптасуының циркуляциялық жағдайлары
Аннотация
Соңғы жылдары бүкіл Жер шары ғалымдарының назарын аномальды табиғи құбылыстардың,
оның ішінде құрғақшылық, мөлшерден тыс ылғалдану, су тасқыны деген сияқты климаттық құбы-
лыстардың көбеюі аударуда. Мақалада Қазақстанда құрғақшылықтың пайда болуы кезінде Солтүс-
тік жарты шардағы атмосфера циркуляциясының ерекшеліктері қарастырылады.








