Отырар ауданының су қорлары және оларды ауыл шаруашылығында пайдаланудың негізгі мәселелері
Аннотация
Ғылыми мақалада, Отырар ауданы аумағындағы жер үсті және жер асты су қорларын құрайтын басты өзендері
мен көлдеріне, ірі каналдары мен құдықтарына, су қоймасына, топырақ асты және артезиан суларының тара-
луы жағдайына географиялық сипаттама беріле отырып, олардың қазіргі қоректену жағдайы, жыл мезгілдері
бойынша су режимінің ауытқуы, су жүйелеріне жақын және алшақ орналасқан жерлердің сумен қамтамасыз
етілу деңгейлерінің әртүрлілігі мен оның себептері, су тапшылығы мен топан су басу себептері, көрші
мемлекеттердің ауданның экологиясына тигізетін әсері және оның салдарлары сияқты мәселелер тиянақталып,
оларды шешу үшін атқарылатын мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі шаралар көрсетілген. Сонымен
қатар, аудан аумағындағы жер асты су қорларын пайдалану мүмкіндіктері мен олардың аумақтық-шаруашылық
маңыздылығы қарастырылған.