Ауылшаруашылықтың бедер түзуші үрдістерінің дамуына әсері (Батыс Қазақстан аумағы мысалында)
Аннотация
Адамның шаруашылық қызметінің қазіргі жүйесінде, ауылшаруашылық бедерге ең жақын және онымен
тығыз байланысты әлеуметтік-экономикалық саланың элементі болып саналады. Себебі, шаруашылықтың
барлығы жер бедерінде дамиды, оның әсерінен табиғи үрдістердің дамуы қарқындалады, жер бедері өзгеріске
ұшырайды. Мақалада Батыс Қазақстан аумағында, әсіресе, аридті, жауын-шашын аз жауатын Атырау және
Маңғыстау аймақтарындағы ауылшарушылықтың дамуы және оның жер бедеріне әсері сипатталған.
