Адам дамуының демографиялық аспектілері (Орталық Азия елдері мысалында)
Аннотация
Орталық Азия аймағы үлкен адамзат ресурстары әлеуетін қамтиды, алайда кейбір елдердің бір-бірінен жер
аумағы, халық саны, адам әлеуетінің дамуы, кедейлік деңгейі және т.б. көресткіштері бойынша айырмашылығы
бар. Бұл мақалада Орталық Азия елдеріндегі адамзат ресурстарының жағдайы қарастырылады.
Мақалада Орталық Азия елдерінің адам әлеуеті дамуының индексі бойынша елдердің халықаралық
рейтингіндегі орны қарастырылады. Мұнда адам әлеуеті дамуының деңгейін және оны қалыптастырушы
компоненттерді айқындатын көрсеткіштер берілген. Сонымен қатар, бұл компоненттерді басқарудағы Орталық
Азия мемлекеттерінің рөлі көрсетілген.
Орталық Азия аймағындағы теңсіздік пен кедейлік көрсеткіштері және олардың өмір сүру сапасының көрсеткіштерін
қалыптастырудағы рөліне талдау жасалады.
Мақаланы жазу барысында статистикалық, картографиялық, аймақтық, т.б әдістер қолданылды.
Орталық Азия елдеріндегі адам дамуы деңгейіне жасалған талдау нәтижесі бойынша, Қазақстан Республикасы
аймақтағы адам әлеуетінің дамуы бойынша алдыңғы орында, бірақ экологиялық мәселелер елдің алдағы даму
мүмкіндіктерін шектеп отыр.