ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТАСЫНДЫЛАР АҒЫНДЫСЫ РЕЖИМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚАЗАНШҰҢҚЫРЫНДА ТҰНАТЫН ТАСЫНДЫЛАРДЫҢ КӨЛЕМІН БАҒАЛАУ
Аннотация
Ғылыми мақала Іле өзенінің төменгі ағысының тасындылар режимін зерттеуге
бағытталған. Жұмыста Іле өзенінің төменгі ағысындағы тасындылар ағындысының режимі мен
негізгі сипаттамаларына Қапшағай су қоймасының ықпалы қарастырылған. Тасындылар
ағындысының сипаттамаларын есептеумен қатар Қапшағай су қоймасының қазаншұңқырында
тұнатын жүзбе тасындылардың көлемі есептелген.








