ЕСІЛ АЛАБЫ ӨЗЕНДЕРІ АҒЫНДЫЛАРЫНЫҢ ЖЫЛІШІЛІК ҮЛЕСТІРІМІ
Аннотация
Бұл жұмыста Есіл өзені алабы өзендерінің көпжылдық мәліметтер көмегімен анықталған
антропогендік ықпал нәтижесінде өзгеріске ұшыраған өзен ағындысының жылішілік үлестірімі
есептелінді. Негізінен көпжылдық ұзақ қатарлары бар гидрологиялық бекеттер таңдалынып
алынды. Гидрологиялық бекеттерден алынған ағынды қатарлары, яғни Есіл өзені – Астана
бекеті бойынша 1933 – 2005 жж., Есіл өзені – Тургеневка бекеті бойынша 1974 – 2015 жж.,
Жабай өзені – Атбасар бекеті бойынша 1936 – 2015 жж. және Мойылды өзені – Николаевка
бекеті бойынша 1973 – 2015 жж. талдаудан өткізілді. Бақылау жүргізілмеген жылдық және
айлық су өтімдері аналогия әдісімен қайта қалпына келтірілді. Астана су бөгенінің Есіл өзенінің
жылдық ағындысына тигізіп отырған антропогендік ықпалы бағаланды. Ағынның жыл ішінде
таралуын есептеуде В.Г. Андреяновтің үйлестіру әдісі қолданылды. Қолда бар деректер арқылы
жиынтық интеграл қисығын тұрғызу көмегімен шаруашылық қызметтің әртүрлі деңгейінде өзен
ағындысының өзгеру кезеңдері анықталды. Табиғи шартты және режимі бұзылған кезеңдер
ағындыларының мәндері өзара салыстырылды. Есіл өзенінің жоғарғы ағысын реттеуші Астана
су қоймасы әсерінен Есіл өзені – Астана бекеті үшін көктемгі кезең бойынша ағынды көлемі
азайғаны, ал жаз – күз және қыс айлары бойынша аталған бекеттің ағынды көлемі керісінше
көбейгені анықталды.