АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АГЛОМЕРАЦИЯ РЕТІНДЕ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • А. С. Бейсенова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Г. О. Жандосова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Д. Т. Алиаскаров Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
        97 162

Кілттік сөздер:

қала агломерациясы

Аннотация

Мақалада Алматы қаласының агломерация ретінде дамуының теориялық мәселелері
талданды. Қалалық агломерацияларды анықтауда бірқатар шарттар қолданылады: қала
халқының тығыздығы мен үздіксіз құрылысы; ірі қала-орталығының болуы (ереже бойынша,
халық саны 100 мың адамнан кем емес); ауыл шаруашылығы жұмыскерлеріне жатпайтындардың
үлес салмағы; тұрақты мекен-жайсыз жұмыс жасаушылар; серіктес қалалық қоныстардың қала-
орталығымен байланыстың болуы; өндірістік байланыстар; қала-орталығынан 1,5 немесе 2
сағаттық изохрондағы еңбек қозғалысы және т.б.
Урбандалған аумақтарды зерттеудің кеңістік-жүйелік мәселелері Алматы қаласы мен
оның аумақтарының мысалында қарастырылған. Урбандалған аумақтардың жүйе ретіндегі
қасиеттері анықталған. Алматы қаласының агломерация орталығы ретінде дамуына әсер етуші
факторлар жан-жақты зерттеліп, оған ғылыми тұрғыда талдаулар жасалынған. Еліміздегі
аса ірі агломерациялық орталық ретінде қалыптасқан Алматы қаласының тартылыс аймағы
(әсер ету) айқындалып, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне баға берілді. Шет елдер
және отандық ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалына отырып, қала агломерациясының
басты белгілері ажыратылды. Қалалық агломерациялардың қалыптасуының басты бағыттары
айқындалды. Қала аумағының ұлғаюына қатысты деректер талданып, қала агломерациясының
құрылымдық-функциялық байланыстары жүйеленді. Қазақстан Республикасының стратегиялық
бағдарламаларында келтірілген негізгі шарттарға талдау жасалды. Алматы қаласының
агломерация ретінде дамуының басты шарттары анықталды.

Жүктелулер

Жарияланды

2018-12-12

Как цитировать

Бейсенова, А. С., Жандосова, Г. О., & Алиаскаров, Д. Т. (2018). АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АГЛОМЕРАЦИЯ РЕТІНДЕ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 50(3), 4–13. вилучено із https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/578

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география