Құрылыс нысандарында жүргізілетін геодезиялық өлшеулерді өңдеуге бағытталған автоматтандырылған басқару жүйелері

Авторлар

  • Н. Б. Пірімқұл әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
  • Г. К. Джангулова әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
        85 48

Кілттік сөздер:

геoдезиялық мониторинг, инновациялық технологиялар, деформациялық үрдістер, магистральды газ құбыры, геодезиялық позиционирлеу, жерсеріктік бағдарлау

Аннотация

Мақалада «АГРС-3 “Талғар” – ГРП-“Гүлдер” – АГРС-1 “Орбита”» магистральды газ құбырысұрақтары қaрacтырылады. Жүргізілген геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық мониторинг нәтижелерін ғылыми-тәжірибелік негіздеу нәтижесінде«АГРС-3 “Талғар” – ГРП-“Гүлдер” – АГРС-1 “Орбита”» магистральды газ құбыры құрылысы кезіндегі деформациялық үрдістердің зерттеу нәтижелерін геодезиялық инновациялық технологияларды қолдана отырып көрсету тапсырмасы қойылды. Геодезиялық позиционирлеу негізінде магистральды газ құбырының сызықтық бөлімдерінде ақаулардың орналасуын табу үшін жерсеріктік бағдарлау қолданылу жолдары қарастырылды.Трассаны таңдауда құрылыс-монтаждау жұмыстарының әсерлі, қолайлы әрі жоғары өнімді өндіру әдістерін қолдануды қамтамасыз ететін құрылыс шарттары ескерілді. Газ құбыры құрылысы кезінде елді мекендерде, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорын аймақтарында,  темір жол станцияларында,  айлақтар мен басқа да ұқсас нысандарда магистральды газ құбыры жолдарын жасауға болмайтындығы ескерілді.

Құбыр желісінің трассасын таңдау барысында 20 жыл қарсаңындағы қалалар мен елді мекендердің, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық  кәсіпорындардың, темір жол мен автомобиль жолдарының, басқа да нысандар мен жобаланатын құбыр желісінің келешектегі даму үрдісі ескерілді. Магистральды құбыр желісін пайдалану мен құрылыс барысындағы өзгеретін ауа райы жағдайларына болжау жүргізілді.

Библиографиялық сілтемелер

1. 1. Subbotin I.E. Inzhenerno-geodezicheskie raboty pri proektirovanii, stroitel’stve ijekspluatacii magistral’nyh neftegazoprovodov. – M.: Nedra, 1987. – 141 s.

2. 2. Leonov V.I., Alejnikov S.A., Kos`kov B.I. Rukovodstvo po s`jomke i sostavleniyu planov podzemnyh kommunikacij isooruzhenij. – M.: Stroj, 1978. – 75 s.

3. 3. Rysbekov K.B. Zherseriktik navigaciyalyk zhujeler. – M.: Almaty, 2010. – 121 b.

4. 4. Levchuk G.P., Novak V.E., Lebedev N.N. Geodezicheskie raboty pri izyskaniyah i stroitel’stve inzhenernyh sooruzhenii.–M.: Nedra, 1983. –400 s.

5. 5. SinicynS.S., ImsheneckijS.P. Geodezicheskoepozicionirovanieob’ektovtransportagaza /Gazovajapromyshlennost`. – 2003. –№1. – S.62-67.

6. 6. Klimacheva T.N. Trehmernaja komp’yuternaja grafika avtomatizatcii proektirovaniya v AutoCAD. – M.: Moskva, 2008. –469 s.

7. 7. Evstaf’ev O.V. Smartstation – novyj pribor kompaniiLeica Geosystems// Geoprofi.– 2005. –№1. –S. 40-46.

Жүктелулер

Как цитировать

Пірімқұл, Н. Б., & Джангулова, Г. К. (2017). Құрылыс нысандарында жүргізілетін геодезиялық өлшеулерді өңдеуге бағытталған автоматтандырылған басқару жүйелері. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 43(2). вилучено із https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/328

Шығарылым

Бөлім

Геодезия және картография