Атырау облысында шаңды дауылдар кезіндегі жел режимі

Авторлар

  • С. Қожахмет-Яссауи әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
  • Н. У. Бултеков Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты
  • А. С. Нысанбаева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
        67 44

Кілттік сөздер:

шаңды дауыл, жел, көріну қашықтығы, шаңды дауылдардың қайталанушылығы

Аннотация

Мақалада Атырау облысы территориясындағы метеостанциялардың бақылау мәліметерін пайдалану арқылы шаңды дауылдардың пайда болуы мен кеңістіктік-уақыттық таралуындағы жел режимі қарастырылған. Шаңды дауылдардың көпжылдық ерекшеліктеріне, жел бағыттарының қайталанушылығына, шаңды дауыл байқалған күндер санына, жылдық жүрісіне және жылы, суық мерзімдер бойынша таралуына ерекше назар аударылды. Суық мерзімде, яғни ауа температурасы уақытша өзгерістерге ұшыраған кезде, аталған құбылыс аз (11%) байқалған, ал жылы мерзімде шаңды дауыл байқалған күндер саны жоғары (89%) мәнге ие болды. Аймақтағы жел режимінің жағдайы мен өзгергіштігін талдау нәтижесінде, жыл бойы шаңды дауылдардың пайда болуына әсер ететін күшті желдердің басым бөлігі оңтүстік-шығыс бағытымен соғатыны анықталды. Жылы мерзімде желдің оңтүстік бағытының, суық мерзімде желдің солтүстік бағытының қайталанушылығы ең аз дәрежеде байқалды.

Библиографиялық сілтемелер

1. 1. Rukovodstvo po kratkosrochnym prognozam pogody. – L: Gidrometeoizdat, 1965. – 241-247 p.

2. 2. Khromov S.P., Mamontova L.N. Meteorologicheskii slovar'. – L.: Gidrometeoizdat, 1974. – 568 p.

3. 3. Agarkova A.P. Dust storms and their prognosis. – M.: Gidrometeoizdat, 1981. – 105 p.

4. 4. Zakharov P.S. Dust storms. – L.: Gidrometeoizdat, 1965 – 164 p.

5. 5. Grigoriev A.A., Kondrat'ev K.Y. Dust storms on Earth and Mars. – M.: Znanie, 1981. – 64 p.

6. 6. Ergaliev T.Zh. Monitoring geosfernyh processov Kazahstanskoj chasti Kaspija // Vestnik KazNU, serija jekologicheskaja. - 2009. - №1 (24).– 6 b.

7. 7. Vilesov E.N., Naumenko A.A., Veselova L.K., Aubekerov B.Z. / pod. red. Naumenko A.A.: Physicheskaya geographya Kazakhstana. – Almaty: Kazakh University, 2009. – 34 p.

8. 8. Alisov B.P. Climat SSSR. – M.: Vysshaya shkola, 1969. – 104 p.

9. 9. Climat Kazakhstana / pod. red. Utesheva A.S. – L.: Gidrometeoizdat, 1959. – 367 p.

Жүктелулер

Как цитировать

Қожахмет-Яссауи, С., Бултеков, Н. У., & Нысанбаева, А. С. (2016). Атырау облысында шаңды дауылдар кезіндегі жел режимі. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 42(1). вилучено із https://bulletin-geography.kaznu.kz/index.php/1-geo/article/view/291

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология