ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СУАРМАЛЫ ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРІНІҢ МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM80120266

Кілттік сөздер:

ирригациялық жүйелер, коллекторлық-дренаждық жүйелер, тұздану, Мырзашөл суармалы массиві, Қызылқұм суармалы массиві

Аннотация

Мақалада Түркістан облысындағы ирригациялық жүйелердің қазіргі техникалық жай-күйі және олардың суармалы егістік жерлердің мелиоративтік жағдайына тигізетін әсері қарастырылған. Зерттеу барысында негізгі суару және коллекторлық-дренаждық желілердің физикалық тозу деңгейі, гидротехникалық құрылыстардың пайдалану тиімділігі, сондай-ақ су беру режимдерінің топырақтың агромелиоративтік көрсеткіштеріне ықпалы талданды. Зерттеудің ақпараттық базасын көпжылдық архивтік материалдар, далалық бақылау деректері және қашықтан зондтау мәліметтері құрады.

Зерттеу нәтижелері ирригациялық және коллекторлық-дренаждық жүйелердің техникалық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуына байланысты Түркістан облысындағы суармалы жерлердің жыл сайын шамамен 10–15 % пайдаланылмай келеді. Атап айтқанда, суармалы алқаптардың 1,5–3 %-ы өте күшті тұздануға, 4–5,6 %-ы су тапшылығына, 1,5–2 %-ы жер асты сулары деңгейінің шектен тыс (2 м-ден жоғары) көтерілуіне немесе батпақтануға, ал 5,6–7 %-ы суару жүйелерінің тозуына және өзге де қаржылық-техникалық факторларға байланысты пайдаланылмай отыр.

Алынған нәтижелер ирригациялық жүйелердің техникалық тозуы топырақтың тұздану және батпақтану үдерістерінің күшеюіне, жер асты сулары деңгейінің жоғарылауына және суармалы егістік жерлердің өнімділігінің төмендеуіне әкелетінін айқындады. Зерттеу қорытындылары өңірдегі суару жүйелерін жаңғырту, су ресурстарын тиімді басқару және суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту бойынша ғылыми-практикалық ұсынымдар әзірлеуге негіз бола алады.

Авторлардың биографиясы

К.Б. Зулпыхаров, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

PhD докторы «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» «Farabi GIS» геокеңістіктік ғылымдар орталығының директоры, «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының аға оқытушысы

А.А. Токбергенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғарыштық технологиялар және Жерді қашықтан зондтау орталығы, Алматы қ., Қазақстан

г.ғ.к, профессор, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының меңгерушісі

Р. Салмұрзаұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

PhD, , «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» «Farabi GIS» геокеңістіктік ғылымдар орталығының жетекші ғылыми қызметкері (ЖҒҚ), «Экология және биоресурстардың тұрақтылығы ғылыми-зерттеу» институты жетекші ғылыми қызметкері

А.А. Калдыбаев, «Институт Ионосфера» ЖШС

PhD докторы, доц. «Институт Ионосфера» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері (ЖҒҚ)

У.Б. Мухтаров, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының докторанты

А.А. Асанбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының докторанты

Как цитировать

Зулпыхаров, К., Токбергенова, А., Салмұрзаұлы, Р., Калдыбаев, А., Мухтаров, У., & Асанбаева, А. (2026). ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СУАРМАЛЫ ЕГІСТІК ЖЕРЛЕРІНІҢ МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 80(1). https://doi.org/10.26577/JGEM80120266

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география