ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КАСПИЙ ТЕҢІЗІ СЕКТОРЫНДАҒЫ МҰНАЙ ТӨГІНДІЛЕРІН ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГТЕУ: НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТҮСІНДІРМЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM801202610

Кілттік сөздер:

Каспий теңізі, мұнай ластануы, ғарыштық мониторинг, терең оқыту әдістері, математикалық модельдеу

Аннотация

Қазақстандық Каспий теңізі секторында мұнаймен ластануды ғарыштық мониторингтеудің кешенді әдістемесі әзірленді. Әдістеме Sentinel-1 радиолокациялық суреттерін автоматтандырылған өңдеуді, терең оқыту әдістерін және гидродинамикалық модельдеуді біріктіреді. Негізгі мақсат – мұнай дақтарын сенімді анықтау, оларды табиғи «look-alike» құбылыстарынан ажырату және теңіз акваториясында таралуын болжау. Осы әдістеме арқылы 2023 жылғы тамыздан 2025 жылғы тамызға дейінгі кезеңде 2326 спутниктік көрініс өңделді. Семантикалық сегментация Каспий теңізінің радиолокациялық кескіндерінің арнайы деректер жиынтығында оқытылған Mask2Former трансформерлік архитектурасы негізінде орындалды. Ластанулардың динамикасын болжау үшін GFS метеорологиялық деректері мен GEBCO негізінде жасалған батиметрияны ескере отырып, MIKE 21 Oil Spill моделі қолданылды. Қарқынды кеме қатынасы және порт инфрақұрылымы аймақтарында жалпы ауданы шамамен 269 км² болатын 52 мұнай дағы анықталды. 16.08.2025 ж. тіркелген ірі мұнай дағын Sentinel-1A және Sentinel-2 спутниктік деректерін, сондай-ақ гидродинамикалық модельдеуді пайдалана отырып жүргізілген егжей-тегжейлі талдау оның сипаттамалары шикі мұнайдың апаттық төгілуіне емес, мұнайқұрамды (льяльды) сулардың төгілуіне сәйкес келетінін көрсетті. Әзірленген әдістеме ластануларды анықтаудан олардың мінез-құлқын ғылыми негізделген болжауға көшуге мүмкіндік береді. Әдістемені одан әрі дамыту автоматты сәйкестендіру жүйесінің деректерін интеграциялау арқылы құқық бұзушы кемелерді анықтау және жедел экологиялық бақылау жүйесін құрумен байланысты.

Авторлардың биографиясы

Л.А. Балакай, Ионосфера институты

техника ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер, «Ионосфера институты» ЖШС

Т.В. Дедова, Ионосфера институты

техника ғылымдарының кандидаты, зертхана меңгерушісі, «Ионосфера институты» ЖШС

Н.З. Баширова , Ионосфера институты

аға ғылыми қызметкер, «Ионосфера институты» ЖШС

A.A. Мерекеев, Ионосфера институты

(хат-хабарларға арналған автор) - PhD докторант, аға ғылыми қызметкер, «Ионосфера институты» ЖШС

Как цитировать

Балакай, Л., Дедова, Т., Баширова , Н., & Мерекеев A. (2026). ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КАСПИЙ ТЕҢІЗІ СЕКТОРЫНДАҒЫ МҰНАЙ ТӨГІНДІЛЕРІН ҒАРЫШТЫҚ МОНИТОРИНГТЕУ: НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТҮСІНДІРМЕСІ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 80(1). https://doi.org/10.26577/JGEM801202610

Шығарылым

Бөлім

Картография және геогинформатика