ЖЕРДІҢ ШАРУАШЫЛЫҚҚА ЖАРАМДЫЛЫҒЫН КЕШЕНДІ МОНИТОРИНГТАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM80120265

Кілттік сөздер:

жерасты ядролық жарылысы, кешенді мониторинг, геоақпараттық жүйелер, ғарыштық мониторинг, геодезиялық мониторинг, радиоэкологиялық жағдай, экологиялық карталар

Аннотация

Мақалада жердің ауыл шаруашылығына жарамдылығын кешенді мониторингтеу мәселелері қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты жер ресурстарының қазіргі жай-күйін бағалау және олардың ауыл шаруашылығына тиімді және экологиялық қауіпсіз пайдалану үшін әлеуетін анықтау болып табылады. Жердің шаруашылыққа жарамдылығын кешенді мониторингтау – жер ресурстарының сапасын, өнімділігін және экологиялық жағдайын жан-жақты бағалауға бағытталған ғылыми-тәжірибелік процесс. Бұл мониторинг топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін, климаттық жағдайларды, су ресурстарын, жер бедерін және өсімдік жамылғысын зерттеуді қамтиды.  Мониторинг барысында топырақ құнарлылығының көрсеткіштері, агроэкологиялық жағдайлар, климаттық факторлар, жердің тозу дәрежесі және антропогендік әсер талданады. Негізгі мақсат – жерді тиімді пайдалану мүмкіндіктерін анықтап, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Мақалада, Семей облысының бұрын ядролық сынақ полигонына айналған жер учаскелерін шаруашышылық айналымға жіберу мақсатында жүргізілген кешенді (ғарыштық, геодезиялық, радиоэкологиялық) мониторингтің нәтижелері келтірілген. «Балапан» және «Телкем» сынақ учаскелерінде жүргізілген геодезиялық мониторингтің   нәтижелері геоақпараттық жүйеде (ГАЖ)  өңделіп, картографиялық өнімдер алынды. Нәтижесінде жер бетінің деформациясы, температуралық аномалиялар және радиоактивтік ластану деңгейлері анықталып, бағалауыш экологиялық карталар жасалды. Алынған нәтижелер ядролық  сынақтардын  зардап шеккен жер учасскелерін, бағалауда және  радиациялық қауіпсіз деп танылып, қолдануға ұсыныстар әзірлеуде  негіз болды. Зерттеу нәтижелері топырақ құнарлылығын арттыру, эрозия мен шөлейттенудің алдын алу, сондай-ақ экологиялық қауіптерді азайту бойынша нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл процесс жер ресурстарын ұтымды басқаруға, ауыл шаруашылығы дақылдарын дұрыс орналастыруға және табиғи ресурстарды сақтауға ықпал етеді. Кешенді мониторинг жердің ұзақ мерзімді өнімділігін сақтаудың маңызды құралы болып табылады.

Авторлардың биографиясы

М.Ж. Бегалиева, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті докторанты

С.Т. Солтабаева, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

техника ғылымдарының кандидаты, «Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасының профессоры, Satbayev University

Н.С. Доненбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

PhD доктор, Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университеті

А. Саулембаев, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

география ғылымдарының кандидаты, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті аға оқытушы

Как цитировать

Бегалиева, М., Солтабаева, С., Доненбаева, Н., & Саулембаев, А. (2026). ЖЕРДІҢ ШАРУАШЫЛЫҚҚА ЖАРАМДЫЛЫҒЫН КЕШЕНДІ МОНИТОРИНГТАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 80(1). https://doi.org/10.26577/JGEM80120265

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география