ҚАШЫҚТАН ЗОНДТАУ ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ӘЛЕУЕТІН МОНИТОРИНГТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM20257944Кілттік сөздер:
Жер бетінің температура индексі, өрт индексі, вегетациялық индекс, су индексі, ландшафт өзгерістерін картографиялауАннотация
Бұл мақалада қашықтан зондтау деректері негізінде Қостанай облысының ландшафт компоненттерінің кеңістіктік-уақыттық өзгерістері талданды. Зерттеуде MODIS, Landsat және Sentinel-2 спутниктік деректері пайдаланылып, жер беті температурасы (LST), вегетациялық (NDVI), су (NDWI), ылғалдылық (NDMI) және жану (NBR) индекстері есептелді. MODIS деректері өңірлік деңгейдегі ұзақ мерзімді үрдістерді анықтау үшін, ал Landsat және Sentinel-2 деректері Аманқарағай орман алқабындағы өртке дейінгі және өрттен кейінгі өзгерістерді егжей-тегжейлі талдау үшін қолданылды.
Қостанай облысы бойынша LST, NDVI, NDWI талдауы бойынша LST мен NDVI және NDWI арасында теріс корреляция байқалды, яғни температураның жоғарылауы өсімдік жамылғысының бірқатар төмендеуімен қатар су индексінің төмендеуін көрсетті.
Аманқарағай орманының аумағына NDVI, NDMI, NDWI және SWIR нәтижелерін талдау орман экожүйелерінің биомассасы мен ылғалдылығы арасындағы тығыз байланысты көрсетті. NDVI, NDMI және NDWI мәндерінің жоғарылауы SWIR төмендеуімен бірге жүреді, бұл өсімдік жамылғысының біртіндеп қалпына келуін және су режимінің жақсаруын көрсетеді. 2022-2025 жылдар кезеңінде, әсіресе 2024-2025 жылдары, орман экожүйенің тұрақты қалпына келуі мен тұрақтануының белгілерін көрсеткен кезде оң динамика байқалады.
Қостанай облысының аумағына температураның, өсімдіктердің, судың есептелген нормаланған айырымдық индекстерін талдау 2014-2023 жылдары температураның айтарлықтай жоғарылауы және өсімдік деңгейінің төмендеуі байқалғанын көрсетті. Жер үсті суларының ауданы да азайды. Өсімдік жамылғысы мен жер үсті суларының өзгеруі Жер бетіндегі температураның өзгеруімен жақсы байланысты.
Зерттеу нәтижелері климаттық өзгерістер мен өрттердің ландшафт компоненттеріне әсерін бағалауға мүмкіндік беріп, өңірдің тұрақты дамуын жоспарлауда қолданбалы маңызға ие.
