ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257946

Кілттік сөздер:

гидрологиялық құрғақшылық, су ресурстары, Web of Science, библиометриялық талдау, дәйеккөз

Аннотация

Мақалада гидрологиялық құрғақшылық тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдардың даму эволюциясы талданды. Хронологиялық динамика мен жарияланымдардың құрылымына жасалған талдау бұл саладағы ғылыми қызығушылықтың артып келе жатқанын және халықаралық деңгейде ғылыми зерттеу бағыттарының едәуір кеңейгенін көрсетеді. Ғылыми мақаланы әзірлеудің әдістемелік негізі ретінде гидрологиялық құрғақшылық мәселесіне арналған әртүрлі ғылыми жарияланымдар пайдаланылып, библиометриялық талдау үшін Web of Science ғылымиметриялық деректер қоры таңдалды.

Соңғы жиырма жылда зерттеулердің негізгі бағыттары құрғақшылық индекстерін жетілдіру, климаттық өзгерістердің құрғақшылыққа тигізетін әсерән бағалау, модельдеу және болжау әдістерін дамыту, спутниктік технологияларды қолдану, сондай-ақ антропогендік әсерлерді талдау сынды тақырыптар төңірегінде шоғырланған. Қазақстан жағдайында гидрологиялық құрғақшылық мәселесі су ресурстарының қолжетімділігі мен тұрақты пайдаланылуына тікелей әсер ететіндіктен, айрықша өзектілікке ие. Әлемдік ғылымдағы жарияланымдық белсенділіктің өсуі және жаңа әдістердің (қашықтықтан зондтау, климаттық модельдер, жасанды интеллект) интеграциясы су ресурстарын ұлттық деңгейде мониторингтеу мен болжау жүйелерін жетілдіруге жол ашады. Қазақстандық зерттеулерді халықаралық ғылыми кеңістікке енгізу елдің ғылыми дамуын арттырып қана қоймай, сонымен қатар климаттың өзгеруі мен табиғи тәуекелдердің артуы жағдайында бейімделу стратегияларын қалыптастыруға негіз болады.

Авторлардың биографиясы

Л.К. Махмудова, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ

география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Экстрималды гидрологиялық құбылыстар зертханасының жетекшісі

С.К. Алимкулов, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ

география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

Э.К. Талипова, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ

PhD, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Экстрималды гидрологиялық құбылыстар зертханасының аға ғылыми қызметкері

Л.М. Биримбаева, География және су қауіпсіздігі институты

«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Экстрималды гидрологиялық құбылыстар зертханасының ғылыми қызметкері

М.Е. Дауталиева, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ

докторант 2-го курса КазНУ им. аль-Фараби, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, АО Институт географии и водной безопасности, младший научный сотрудник лабораториии экстремальных гидрологических явлений

Как цитировать

Махмудова, Л., Алимкулов, С., Талипова, Э., Биримбаева, Л., & Дауталиева, М. (2025). ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 78(4). https://doi.org/10.26577/JGEM20257946

Шығарылым

Бөлім

Метеорология және гидрология