ТЕРІСАҚҚАН ӨЗЕНІ АЛАБЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ШАЙЫЛУЫН БАҒАЛАУДА ЖАУЫН-ШАШЫН ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ (R-ФАКТОРДЫҢ) РӨЛІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257941

Кілттік сөздер:

өзені алабы, R фактор, жауын шашын мөлшері, географиялық ақпараттық жүйе, эрозия үрдісі, интерполяция

Аннотация

Қазіргі таңда топырақ эрозиясына (шайылуына) байланысты топырақ деградациясы өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып отыр. Бұл процестің ауқымын нақты бағалау және алдын алу шараларын әзірлеу аса маңызды. Топырақ эрозиясы - табиғи және антропогендік факторлардың өзара әрекеттесуінен туындайтын күрделі процесс. Ол жердің құнарлылығын төмендетіп, ауыл шаруашылығына және ұлттық экономикаға үлкен зиян келтіреді. Шығу тегіне қарай топырақ эрозиясы екі түрге бөлінеді: жел эрозиясы (дефляция) және су эрозиясы (шайылу). Атмосфералық жауын-шашынның көп мөлшері мен жоғары қарқындылығы - су эрозиясын күшейтетін негізгі факторлардың бірі.

Осы зерттеудің мақсаты - Терісаққан өзені алабындағы жауын-шашын қарқындылығы коэффициентінің (R-фактордың) кеңістіктік таралуын анықтап, оның топырақ шайылуын сандық бағалаудағы рөлін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін геоақпараттық жүйе (ГАЖ) әдістері пайдаланылды: жауын-шашын бойынша метеодеректер интерполяцияланып, алаптың аумағы бойынша R-фактордың мәндері есептелді.

Терісаққан өзенінің алабы шығыстан батысқа қарай шамамен 130 км, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 239 км созылып жатыр. Оның оңтүстік бөлігі - төбелі аймақ, ал солтүстік жағы - жазық, сондықтан жауын-шашын мөлшері оңтүстіктен солтүстікке қарай кемиді. Солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері 302-325 мм болса, оңтүстік бөлігінде 137-176 мм шамасында. Есептелген R-фактор көрсеткіштері де осы заңдылықты көрсетеді: солтүстік-шығыста - 151-162, ал оңтүстікте - 68-88 аралығында. Бұл көрсеткіштер жауын-шашын қарқындылығының су эрозиясының дамуына шешуші әсер ететінін дәлелдейді, әсіресе майда құрылымды топырақтар мен желді аймақтарда. Зерттеудің ғылыми маңызы-осы аумақ бойынша R-факторды есептеу арқылы топырақ эрозиясының кеңістіктік заңдылықтарын нақтылау болса, практикалық мәні - эрозия қаупі жоғары аймақтарды анықтап, тиімді қарсы шараларды жоспарлауға мүмкіндік беруінде.

Авторлардың биографиясы

Н.Е. Рамазанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физикалық және экономикалық география кафедрасының профессор м.а.

Г.Н. Даметова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физикалық және экономикалық география кафедрасының магистранты

А.Е. Аяпбекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

география ғылымдарының кандиданты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физикалық және экономикалық география кафедрасының аға оқытушысы

Ж.М. Карагойшин, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

биология ғылымдарының кандиданты,  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физикалық және экономикалық география кафедрасының қауымдастырылған профессоры

М.А. Алагуджаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физикалық және экономикалық география кафедрасының доцент м.а.

С.Т. Токсанбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физикалық және экономикалық география кафедрасының доцент м.а.

Как цитировать

Рамазанова, Н., Даметова, Г., Аяпбекова, А., Карагойшин, Ж., Алагуджаева, М., & Токсанбаева, С. (2025). ТЕРІСАҚҚАН ӨЗЕНІ АЛАБЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ШАЙЫЛУЫН БАҒАЛАУДА ЖАУЫН-ШАШЫН ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ (R-ФАКТОРДЫҢ) РӨЛІ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 78(4). https://doi.org/10.26577/JGEM20257941

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география