ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН КЕЙІНГІ ЛАНДШАФТТАРЫНДАҒЫ ЖЕРДІҢ ТОЗУЫН ЖӘНЕ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚТЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257943

Кілттік сөздер:

қашықтықтан зондтау, жердің деградациясы, ылғалдылық, NDVI индексі, Семей полигоны

Аннотация

Қазақстанда жердің тозуы мен экожүйе тепе-теңдігінің бұзылуы – әсіресе техногендік және радиациялық әсерге ұшыраған аумақтарда – маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып қала береді. Семей ядролық сынақ полигоны ландшафттардың ұзақ мерзімді трансформациясы мен қалпына келуін зерттеуге арналған бірегей аймақ болып табылады.

Бұл зерттеу 2019 – 2025 жылдар аралығындағы жердің тозу динамикасын және жер беті ылғалдылығының өзгерісін Sentinel-2 спутниктік деректерінің негізінде бағалауға бағытталған. Әдістемеде өсімдік жамылғысының өзгерісін, ылғал мөлшерін және жер бетінің құрғау деңгейін талдау үшін негізгі спектралдық индекстер – SWIR, NDWI, NDVI және MSI – есептеу қарастырылған.

Нәтижелер NDVI және NDWI көрсеткіштерінің айтарлықтай артқанын, ал MSI мен SWIR мәндерінің төмендегенін көрсетті. Бұл топырақ ылғалдылығы мен өсімдіктердің қалпына келуінің жақсарғанын және құрғақшылық деңгейінің азайғанын дәлелдейді. Ылғалды және өсімдік жамылғысы бар жерлердің аумағы шамамен 20–25 %-ға ұлғайып, табиғи ренатурация (қалпына келу) үдерістерінің белсенді жүргенін көрсетті.

Зерттеу Sentinel-2 мультиспектралдық мониторингінің Қазақстанның техногендік әсерден кейінгі өңірлерінде экологиялық қалпына келу деңгейін бағалаудағы тиімділігін көрсетті. Алынған нәтижелер құрғақ аймақтардағы жер ресурстарын ұтымды басқару мен экологиялық мониторингті жетілдіруге үлес қосады.

Авторлардың биографиясы

Ж.К. Мукалиев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және  табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы; РМК "Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)" бас маманы

Ж.М. Жұматаева , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының PhD-студенті

А.А. Асылбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

доцент, PhD., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және  табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі

А.А. Бекқұлиев , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы; РМК "Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)" картография, ақпараттық жүйелер және техникалық қолдау департаменті басшысы

Д.С. Оналбаева , Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің PhD-докторанты

T.K. Рафиков , Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің PhD-докторанты

Как цитировать

Мукалиев Z., Жұматаева Z., Асылбекова A., Бекқұлиев A., Оналбаева D., & Рафиков T. (2025). ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДАН КЕЙІНГІ ЛАНДШАФТТАРЫНДАҒЫ ЖЕРДІҢ ТОЗУЫН ЖӘНЕ ЫЛҒАЛДЫЛЫҚТЫҢ ӨЗГЕРГІШТІГІН БАҒАЛАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 78(4). https://doi.org/10.26577/JGEM20257943

Шығарылым

Бөлім

Картография және геогинформатика