ЖЕРДІ КЕҢІСТІКТІ-ЛАНДШАФТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗІНДЕ АУМАҚТАРДЫ ТИІМДІ ИГЕРУ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257836
        52 27

Кілттік сөздер:

кеңістікті-ландшафтық жоспарлау, аумақты игеру, жер ресурстарын басқару, тиімді жер пайдалану, территориялық даму, урбанизация, жерді тұрақты пайдалану, тұрақты даму, аумақтық жоспарлау тәжірибелері, жер саясаты

Аннотация

Жерді кеңістікті-ландшафтық ұйымдастыру негізінде аумақтарды тиімді игеру бойынша әлемдік тәжірибелерді талдауда ең алдымен, кең таралған, сенімді әдебиеттерді шолумен бастап, мақаланың теориялық негізі қалыптастырылды. Әлемде ландшафттық жоспарлау, қазіргі тұрақты даму тенденцияларын ұстануға бағытталған қоғам мен мемлекеттерде, табиғатты қорғау, экологиялық жағдайды қалыпты ұстап тұру үшін, өте қажетті шара болып табылады. Елімізде аумақты жоспарлау әдістемелері: Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, Облыстардың аумақтық дамуы схемалары, Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары, Елді мекендердің бас жоспарлары, Аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ЕЖЖ) негізінде жасалғанымен, аумақты жоспарлаудың қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану мақсатында жасалатын ландшафттық жоспарлау жүйесі дамымаған. Табиғи байлығы көп, тұрғындар саны аз және жылдан жылға азайып жатқан Солтүстік Қазақстан облысында ландшафттық жоспарлау, табиғатты қорғау, жерді ұтымды пайдалануды тиімдендіретін әдістер бойынша ұсыныс беру - зерттеуіміздің мақсаты болып табылады. Үлгі ретінде АҚШ, Қытай және Германия елдерінің жер пайдалануды жоспарлау тәжірибесі алынды. Зерттеу негізінде авторлар, Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық жоспарлауын дамыту үшін, жергілікті жердің табиғи климаттық ерекшеліктерін, мемлекеттік құрылымды және жоспарлауды ұйымдастырудағы өзгешеліктерді есепке ала отырып, аталған елдердің үздік тәжірибелерін ұсынуға тырысты. Зерттеуде әдеби деректерді жинау мен талдау үшін нақты әдістемелер, контент-талдау және салыстырмалы талдау әдістері  қолданылды. Ақпарат іздеу кезінде Scopus, Web of Science, Google Scholar, ScienceDirect сияқты халықаралық және ұлттық беделді мәліметтер базалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілер жинағы және жерге орналастыру мен кадастр саласындағы қазақстандық ғылыми журналдар пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағын кеңістіктік ландшафттық жоспарлау үшін пайдалануға болатын АҚШ, Германия және Қытай тәжірибесінен үздік әдістер алынып, әрі қарай терең зерттеуге ұсынылды

Авторлардың биографиясы

A.E. Бектурганова, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

аға ғылыми қызметкер, э.ғ.к., Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Г.Б. Рысмахан, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

ғылыми қызметкер, магистр Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Ф.К. Ермеков, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

магистр, ғылыми-білім беру техникалық платформасының атқарушы директоры, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

С.С. Абдыгалиева, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті

магистр, аға оқытушысы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті

Д.К. Молжигитова, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

аға ғылыми қызметкер, PhD, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Б.Е. Дабылова, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

ғылыми қызметкер, магистр, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Ж.К. Алимсеитова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(хат-хабарларға арналған автор) -аға оқытушы, техникалық ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктелулер

Как цитировать

Бектурганова A., Рысмахан, Г., Ермеков, Ф., Абдыгалиева, С., Молжигитова, Д., Дабылова, Б., & Алимсеитова, Ж. (2025). ЖЕРДІ КЕҢІСТІКТІ-ЛАНДШАФТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗІНДЕ АУМАҚТАРДЫ ТИІМДІ ИГЕРУ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ТАЛДАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 78(3). https://doi.org/10.26577/JGEM20257836

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география