АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ УРБОЭКОЖҮЙЕСІНІҢ САЯБАҚ АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ЖАЙ КҮЙІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІГІН БАҒАЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM20257831Кілттік сөздер:
Урбоэкожүйе, жасыл инфраструктура, синантропты өсімдіктер, саябақ зоналар, биоалуантүрлілікАннотация
инфрақұрылымының түрлік сипатына, сапасына, флораның тіршілік жағдайына әсер етеді, сонымен қатар урбоэкожүйелеріне және қала тұрғындарының өмір сапасына ықпалын тигізеді. Саябақ аймақтарының флорасының жағдайын зерттеу биоалуантүрлілікті сақтауға, қала экологиясын жақсартуға, қалалық ортаның әл-ауқатын сақтау үшін рекреациялық ресурстарды жақсартуға бағытталады.
Бұл мақалада Астана қаласының саябақ аймақтары флорасының қазіргі жағдайы мен биоалуантүрлілігі урбоэкожүйелік қызметтер аясында қарастырылады. Астана қаласының саябақ аймақтарының қалалық экожүйелеріндегі тарихи, статистикалық, картографиялық, далалық, флористикалық зерттеулер негізінде Орталық, Жерұйық, Жетісу саябақтар ағаштарының биоалуантүрлілігі мен тіршілік жағдайына салыстырмалы талдау жүргізілді. XIX ғасырдың аяғы мен 2024 жыл аралығында Астананың жасыл инфрақұрылымын қалыптасу динамикасының егжей-тегжейлі ретроспективті талдауы жүргізілді. Зерттеу барысында саябақтар аумағының статистикалық деректері, картографиялық және флористикалық материалдары зерделенді. Спутниктік деректер мен далалық зерттеулер негізінде жоғарыда аталған саябақ аймақтарының биоалуантүрлілігі мен ағаш өсімдіктерінің жағдайын сипаттайтын карталар мен кестелер әзірленді. Далалық зерттеулер ағаштарының өмір сүру жағдайын В. А. Алексеев және С. А. Кабановтың бағалау әдістемесі бойынша жүргізілді, сонымен қатар, сынақ алаңдарындағы ағаштардың тығыздығы Р.В. Азарчиктің әдістемесі бойынша анықталды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде Астана қаласының саябақ аймақтарын көгалдандыру мен сақтаудың кейбір проблемалары анықталды және саябақ аймақтарының ағаш өсімдіктерін сақтау бойынша ұсыныстар жасалды.
