АБАЙ ОБЛЫСЫ ҮРЖАР АУДАНЫНЫҢ ГЕОДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM80120264Кілттік сөздер:
демография, геодемография, геодемографиялық үдерістер, миграция, урбандалу, әлеуметтік-демографиялық дамуАннотация
Бұл мақалада Абай облысы Үржар ауданының геодемографиялық жағдайы қарастырылды. Геодемография – географиялық кеңістіктегі демографиялық үрдістердің даму заңдылықтарын зерттейтін демография ғылымының географиялық бағыттағы саласы. Геодемографиялық деректер аудандағы халықтың орналасу тығыздығын көрсетеді, бұл инфрақұрылымды дұрыс жоспарлауға көмектеседі. Зерттеудің мақсаты - Абай облысы Үржар ауданының геодемографиялық даму үрдістеріне кешенді талдау жасау.
Зерттеу барысында Үржар ауданы ауылдық округтерінің халқының саны мен тығыздығы, табиғи қозғалысы, көші-қон үрдістері, жас-жыныстық құрылымы, этнодемографиялық құрамы, урбандалу және қоныстану жүйесі, әлеуметтік - экономикалық сипаттары талданды. Облыстағы барлық аудандардың халқының өсу/кему қарқынына салыстырмалы талдау жасалынды. Табиғи өсім, көші-қон көрсеткіштері және олардың жалпы өсімінен алынған мәні негізінде Үржар ауданының табиғи өсім коэффициенті төмен ауылдық округтер анықталды. Көші-қон үрдісі басым елді-мекендер анықталды (Алтыншоқы, Барқытбел, Бестерек, Науалы, Елтай, Жаңатілек, Қоңыршәулі, Қарақол, Көлденен, Көкөзек және т.б.). Үржар ауданының аграрлық бағыттағы экономикасы көші-қон үрдістеріне елеулі ықпал етеді. Статистикалық деректер негізінде аудандағы ауылдық окургтердің халқының жалпы саны және табиғи өсім картасы құрастырылды.
Зерттеу қорытындысы бойынша ауылдық окургтер арасында табиғи өсім оң болғанымен, теріс миграциялық сальдо, аумақтық дисбаланс байқалды. Зерттеу нәтижесі ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуын жоспарлауға, басқаруға және болжауға қажет.
