ХРОМТАУ ӨҢІРІ ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН АГРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM202578313
        64 26

Кілттік сөздер:

топырақ жамылғысы, топырақ кескіні, морфологиялық сипаттамасы, химиялық құрамы, гранулометрлік құрамы, қара қоңыр топырақ

Аннотация

Бұл мақалада Ақтөбе облысының шығыс бөлігінде орналасқан Хромтау қаласы топырақ жамылғысының таралу ерекшеліктері қарастырылды. Топырақ кескініне морфологиялық сипаттама беріліп топырақтың типі – күңгірт қарақоңыр карбонатты, орташа суглинисті екені анықтылды.

Аналитикалық талдау нәтижесі бойынша топырақтың физика химиялық қасиеті зерттелді. Табиғи-климаттық жағдайлардың, әсіресе құрғақ континенттік климат пен кен өндіру ісінің әсері, топырақтың морфологиялық және химиялық құрамына айтарлықтай ықпал ететіні анықталды. Қарақоңыр топырақтың агрохимиялық қасиеттері талданды. Қарақоңыр топырақтағы суда еритін тұздардың мөлшері анықталды және топырақтың тұздану сипаты морфологиялық белгілері бойынша айқын көрінеді сонымен қатар топырақтың төменгі қабаттарында сілтілілік деңгейінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Топырақтың су сүзіндісі құрамында натрий мен сульфат иондарының мөлшері тәжірибелік үлгілерде жоғары болды, бұл топырақтың сортаңдық сипатқа ие екендігін білдіреді.

Топырақ кескіндерінің гранулометриялық құрамы анықталып нәтижесінде гранулометриялық құрамының тереңдікке байланысты өзгеретіндігін және агрофизикалық қасиеттеріне әсер ететінін көрсетілді. Механикалық құрамына қарай, бұл топырақтарда орташа суглинисті және суглинисті бөлшектер басым, бұл олардың су өткізгіштігінің төмен екенін және тұздардың төменгі қабаттарда жиналуына ықпал ететінін көрсетеді.

Авторлардың биографиясы

Г.A. Мұқанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану
факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті, б.ғ.к.

A. Әлимұратқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану
факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының докторанты

Т.А. Базарбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану
факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті, г.ғ.к.

Б.Е. Шимшиков, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану
факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті, б.ғ.к.

З.А. Тукенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану
факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының доценті, б.ғ.к.

А.А. Ошақбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану
факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының докторанты

Л.С. Курбанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану
факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.

Жүктелулер

Как цитировать

Мұқанова, Г., Әлимұратқызы A., Базарбаева, Т., Шимшиков, Б., Тукенова, З., Ошақбай, А., & Курбанова, Л. (2025). ХРОМТАУ ӨҢІРІ ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН АГРОХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР НЕГІЗІНДЕ БАҒАЛАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 78(3). https://doi.org/10.26577/JGEM202578313