МУЛЬТИСПЕКТРЛІ СПУТНИКТІК МӘЛІМЕТТЕР НЕГІЗІНДЕ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ КЕҢІСТІКТЕРДІ КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257838
        90 63

Кілттік сөздер:

NDVI талдауы, спутниктік мониторинг, жасыл кеңістіктер, көгалдандыру, Ақтау

Аннотация

Каспий теңізінің жағалауындағы құрғақ аймақта орналасқан Ақтау қаласы тұщы су тапшылығы, топырақтың тұздануы және күн белсенділігінің жоғары болуы сияқты күрделі экологиялық проблемалармен ерекшеленеді. Мұндай жағдайларда тиімді жасылдандыру ғылыми негізделген шешімдерді қажет етеді. Зерттеудің мақсаты – Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) әдістерін және 2015 – 2024 жылдар аралығындағы көп спектрлі спутниктік мәліметтерді пайдалана отырып, Ақтау қаласындағы жасыл кеңістіктердің жай-күйін, құрылымын және кеңістіктік-уақыттық динамикасын кешенді бағалау. Sentinel-2 және Landsat 8-9 көріністерін пайдалану негізінде өсімдік жамылғысының индекстеріне (NDVI) талдау жүргізілді. Әдіс жасыл жамылғылардың тығыздығын картаға түсіріп қана қоймай, сонымен қатар Ақтау қаласындағы экологиялық осалдық пен теңсіздік аймақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Нәтижелер қаланың жасыл қаңқасының айқын кеңістіктік фрагментациясын, ксерофитті флораның басымдылығын және маңызды қалаішілік экологиялық диспропорциялардың болуын көрсетеді. Суару тапшылығымен, әлсіз институционалдық реттеумен және әлеуметтік-экономикалық градиенттермен байланысты шеткі және өндірістік аймақтарда NDVI төмендеуі анықталды. Қала құрылысына үлестік көрсеткіштерді енгізу қажеттілігін растайтын жасыл аумақтарға қол жеткізудегі экологиялық теңсіздіктің көріністері байқалды. Ең қолайлы NDVI мәндері орталық және жағалаудағы аудандарда тіркелді, ал өсімдік жамылғысының деградациясы өнеркәсіптік және жаңа тұрғын аудандарда анықталды. 80-нен астам жасыл алаңдар (саябақ, қаланың жасыл инфрақұрылымдары) қарастырылып, 138 мыңнан астам ағаштар мен бұталардың үлгілері бар, олардың арасында құрғақшылыққа төзімді таксондар басым. Жасылдандыру және жасыл аймақтарға қолжетімділік деңгейі бойынша шағын аудандар арасындағы экологиялық теңсіздік элементтері белгіленді. Зерттеу жасылдандырудың жүйелік-кеңістіктік моделіне көшудің, цифрлық мониторинг платформаларын біріктірудің және қала тұрғындары пікірінің маңыздылығын көрсетеді. Алынған нәтижелер мен ұсынылған әдістемелік тәсілді Қазақстанның құрғақ аймақтарындағы басқа қалаларда жасыл инфрақұрылымды тұрақты басқару үшін пайдалануға болады.

Авторлардың биографиясы

А.А. Саянов, М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті, Москва, Россия Федерациясы

география ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы Москва
мемлекеттік университетінің табиғатты тиімді пайдалану кафедрасының қызметкері, 1-санаттағы инженер

М.Ж. Махамбетов, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

PhD, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Экология
кафедрасының қауымдастырылған профессоры

А.Б. Хамит, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

магистр, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті География
және туризм кафедрасының оқытушысы

А.М. Сергеева, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - география ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, География және туризм кафедрасының профессоры

Жүктелулер

Как цитировать

Саянов, А., Махамбетов, М., Хамит, А., & Сергеева, А. (2025). МУЛЬТИСПЕКТРЛІ СПУТНИКТІК МӘЛІМЕТТЕР НЕГІЗІНДЕ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ КЕҢІСТІКТЕРДІ КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 78(3). https://doi.org/10.26577/JGEM20257838

Шығарылым

Бөлім

Картография және геогинформатика