ЖАҺАНДЫҚ КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР АЯСЫНДА БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257834
        58 37

Кілттік сөздер:

ландшафт, табиғи кешен, литогендік негіз, климаттық көрсеткіштер, деградация, табиғи аймақ

Аннотация

Ұсынылған жұмыста климаттық параметрлердің өзгеруі кезіндегі қазіргі заманғы физикалық-географиялық жағдайлар қарастырылады. Климат қазіргі заманғы табиғи кешендердің серпіні мен дамуының маңызды факторларының бірі ретінде барлық ландшафт құраушы факторларға айтарлықтай әсер етеді. Жаһандық ауқымдағы жер бетіндегі ауа қабатында атмосфераның термикалық режимінің серпінді өзгеруі табиғи ландшафтардың жай-күйінің нашарлауына алып келуі тиіс. Мақалада климаттық факторлардың өзгеруінің қысқа мерзімді кезеңінде табиғи кешеннің литогендік негізі серпінді өзгермейтіні көрсетіледі. Бұл болжам далалық зерттеу нәтижелеріне және осы тақырып бойынша әдеби шолуға негізделеді. Осы зерттеуді орындау үшін әдеби дереккөздерге қазіргі картографиялық материалдармен және спутниктік суреттермен ұштасқан талдау жүргізілді, далалық бақылау нүктелері бойынша жер беті қабаты ауасының орташа жылдық температурасының және атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшерінің өзгеру трендтеріне статистикалық талдау жүргізілді. Далалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелері табиғи кешендердің, оның ішінде геологиялық-геоморфологиялық, топырақ түзу процестерінің литогендік негізінің тұрақтылығын көрсетеді. Өсімдік жамылғысы мен жер үсті сулары өзгерістердің кезеңділігін, яғни олардың ылғалды кезеңнен құрғақшылыққа қарай және керісінше табиғи даму барысын көрсетеді. Осы зерттеу нәтижесiнде табиғи кешендерге тiкелей антропогендiк қысымды есептемегенде, табиғи кешендер бiрнеше онжылдықта түбегейлi өзгермейдi деп болжауға болады. Климаттық көрсеткіштердің өзгеруінің қазіргі трендінде мұндай үдеріс үшін неғұрлым ұзақ кезең қажет.

Авторлардың биографиясы

А.А. Токбергенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

кандидат географических наук, доцент, заведующая кафедрой
географии, землеустройства и кадастра КазНУ им. аль-Фараби

С.М. Дуйсенбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - аға оқытушы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, География, жерге
орналастыру және кадастр кафедрасы

К.Б. Зулпыхаров, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

PhD candidate, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жерді қашықтан зондтау
орталығының (ЖҚЗО) директоры

О.Ж. Таукебаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

PhD candidate, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Инжиниринг және
жоғары технологиялар кластері бас директорының орынбасары, Картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы

Б. Біләлов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс докторанты

Б. Сатвалдиев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс докторанты

Жүктелулер

Как цитировать

Токбергенова, А., Дуйсенбаев, С., Зулпыхаров, К., Таукебаев, О., Біләлов, Б., & Сатвалдиев, Б. (2025). ЖАҺАНДЫҚ КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР АЯСЫНДА БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ФИЗИКА-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ ШОЛУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 78(3). https://doi.org/10.26577/JGEM20257834

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география