ӨЗЕНДЕРДЕГІ СУ ТАСУ ЖАҒДАЙЫН БОЛЖАУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОСЫ ПРОЦЕСДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛАНДШАФТТАРДЫҢ РӨЛІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JGEM801202611Кілттік сөздер:
өзен алаптары, тасқын сулар, ағын су, жауын-шашын, агроландшафт, су эрозиясы, тәуекел, мониторинг, бақылау, болжау, бағалау, жағдайды басқаруАннотация
Авторлар алғаш рет агроландшафттардың қар жамылғысының жиналу процесіне әсерін бағалайды. Зерттеудің мақсаты — олардың көктемгі кезеңдегі ағынның жиналуындағы рөлін көрсету. Әдістемелік тәсіл күзгі-көктемгі қардағы ылғал қорының сомасынан атмосфералық температуралық шамалармен өзара байланыста тасқын қаупінің туындау ықтималдығын есептеуден тұрады.
Мақалада қыркүйек пен наурыз айлары аралығындағы атмосфералық жауын-шашынның көпжылдық орташа деректермен салыстырғандағы жоғары өзгермелілігі көрсетілген, бұл жағдайды болжауды қиындатады. Жұмыста Солтүстік және Батыс Қазақстанда ағатын өзендердегі су тасқынының себептері туралы авторлық, ақпараттық және әдеби мәліметтер келтірілген. Мақалада солтүстік және оңтүстік ландшафттарға бөлінген өзен ағысы бағыттарының өзіндік ерекшеліктері бар екені көрсетілген. Бұл — бір жағдайда өзендердегі тасқын суларының қозғалысын қиындататын, ал екінші жағдайда еріген судың түзілу жылдамдығын арттырып, өзен арнасында тез қозғалуына ықпал ететін ауа райы мен топырақ ерекшеліктері.
Ол үшін бассейнінің ең оңтүстік бөлігі ретінде Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының (АШТС) деректері бойынша қыркүйек-наурыз және күзгі-қысқы кезеңдердегі максималды жауын-шашын мөлшері (мм) келтірілген. Бұл көрсеткіштер бассейнінің ең солтүстік бөлігі болып табылатын Шағалалы метеорологиялық бекетінің (м/б) қыркүйек-мамыр және күзгі-қысқы, көктемгі кезеңдердегі деректерімен, сондай-ақ осы станциялардағы ауа температурасының фонымен салыстырылған.
Бұл жұмыстың бірегейлігі мынада: өзен бассейнінің оңтүстік бөлігі неғұрлым төмен орналасса, түзілетін су көлемі соғұрлым көп болады, бұл өз кезегінде бассейнінің солтүстік бөлігінің арнасындағы ағын көлемін одан әрі арттырады. Өзен бойында оңтүстіктен солтүстікке қарай орналасқан метеорологиялық станциялардың деректері ауа температурасы мен өзендегі су деңгейі туралы бір мезгілде ақпарат бере алады.
