АГРОЛАНДШАФТТАРДЫҢ КЕҢІСТІКТІК-УАҚЫТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІН ГЕОЖҮЙЕЛІК ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257833
        44 47

Кілттік сөздер:

агроландшафт, геожүйелік талдау, қашықтықтан зондтау, NDVI, NDWI, pansharpening, топырақ ылғалдылығы

Аннотация

Климаттың жаһандық өзгерістері мен гидрометеорологиялық жағдайлардың тұрақсыздығы аймақтардың ауыл шаруашылығының дамуы мен өнімділігіне тікелей әсер етуде. Осыған байланысты агроландшафттардың физикалық-географиялық жағдайын  геожүйелік тұрғыдан бағалау, сондай-ақ олардың өсімдік жамылғысы мен топырақ ылғалдылығының кеңістіктік және маусымдық өзгерістерін қашықтықтан зондтау деректері негізінде зерделеу – бүгінгі күннің өзекті ғылыми міндеттерінің бірі болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде Алматы облысы, Ұйғыр ауданы аумағындағы Шарын өзенінің атыраулық жазығында орналасқан агроландшафттар алынды. Ғылыми жұмыстың мақсаты – Sentinel-2 спутниктік деректері мен EOSDA платформасының аналитикалық модульдерін пайдалана отырып, NDVI және NDWI индекстері негізінде агроландшафтардың кеңістіктік-уақыттық динамикасын бақылау және геожүйелік талдау жүргізу. Дереккөз ретінде Sentinel-2 спутниктік кескіндері, ЖЦВК (жылдық циклдің вегетациялық кезеңі) көрсеткіштері бойынша климаттық параметрлер пайдаланылды. Спутниктік деректер Gram-Schmidt алгоритміне негізделген pansharpening әдісі арқылы өңделіп, мультиспектралды кескіндердің кеңістіктік айқындылығы арттырылды. Зерттеу нәтижелері өсімдік жамылғысының тығыздығы мен топырақ ылғалдылығының маусымдық өзгерістерін бағалауға, сондай-ақ  агроландшафттық жүйелердің экологиялық жағдайын кешенді түрде түсінуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл жер ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығын жоспарлау және геоақпараттық мониторинг жүйелерін жетілдіру тұрғысынан ғылыми әрі қолданбалы маңызға ие.

 

Авторлардың биографиясы

Б.С. Керимбай, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Керімбай Баян – PhD докторы, «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» ҰӘҚ жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің аға оқытушысы (Талдықорған, Қазақстан, e-mail: bayan.kerimbay.65@mail.ru);

К.М. Баймырзаев, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Баймырзаев Қуат – «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» ҒЗИ биотехнология және экология директоры (Талдықорған, Қазақстан, e-mail: baimyrzaev_km@zhgu.kz);

Н.Н. Керімбай, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - география ғылымдарының кандидаты,
қауымдастырылған профессор, «І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ, Биотехнология және Экология Ғылыми зерттеу институтының экология зертханасының меңгерушісі

М.Б. Бақыт, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Бақыт Мөлдір – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының «8D07303 – картография» мамандығының докторанты (Алматы, Қазақстан, e-mail: m.bakhyt66@gmail.com);

С.Қ. Тәженова , «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» ҰАО

Тәженова Сандуғаш – география магистрі, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» ҰАО Жаратылыстану ғылымдары институтының аға оқытушысы (Қызылорда, Қазақстан, e-mail: sandugash_77.09@mail.ru);

 

Жүктелулер

Как цитировать

Керимбай, Б., Баймырзаев, К., Керімбай, Н., Бақыт, М., & Тәженова , С. (2025). АГРОЛАНДШАФТТАРДЫҢ КЕҢІСТІКТІК-УАҚЫТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІН ГЕОЖҮЙЕЛІК ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 78(3). https://doi.org/10.26577/JGEM20257833

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география