ӘР ТҮРЛІ РЕЛЬЕФ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН SRTM, ASTER, AIRBUS ЖӘНЕ ALOS ЖЕРДІҢ САНДЫҚ ҮЛГІЛЕРІН БАҒАЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM20257728
        200 37

Кілттік сөздер:

Жердің сандық үлгілері, қашықтықтан зондтау, өзендер торабы, Airbus WorldDEM4Ortho, ALOS AW3D, SRTM, ASTER GDEM

Аннотация

Жер бедерінің сандық үлгісі (ЖБСҮ) гидрологиялық модельдеу мен су ресурстарын талдаудың негізгі құралы болып табылады, бұл ағын процестерін, жауын-шашынның таралуын және су тасқыны қаупін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді. Осы жұмыста төрт жаһандық ЖБСҮ – Airbus WorldDEM4Ortho, ALOS AW3D, SRTM және ASTER GDEM – әртүрлі жер бедері жағдайларында, соның ішінде таулы және жазықты аймақтарда олардың дәлдігі мен практикалық қолданысын анықтау мақсатында салыстырмалы талдау жүргізілді. Модельдердің сапасын бағалау үшін жоғары дәлдіктегі биіктік байланысы бар мемлекеттік геодезиялық нүктелер, сондай-ақ салыстыру үшін сенімді эталон  ретінде қамтамасыз ететін топографиялық карталар пайдаланылды. Сонымен қатар, Жер бедерінің сандық үлгісінен алынған өзен желілерін Landsat 8 және Sentinel 2 спутниктік суреттерден алынған эталондық деректермен салыстырылып, олардың гидрографиялық бейнелеуінің сәйкестігі тексерілді.

Зерттеу нәтижелері Airbus WorldDEM4Ortho моделінің биіктік деректерінің дәлдігі жоғары екенін және кеңістіктік айырымдылығы мен бастапқы деректер сапасының арқасында өзен торларын анағұрлым нақты көрсете алатынын көрсетті. ALOS AW3D моделі де дәлдігі мен гидрографиялық бейнелеу сапасы жағынан ұқсас нәтижелер көрсетті, бұл оны балама ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Ал SRTM мен ASTER GDEM модельдері, әсіресе жазық аймақтарда, елеулі ауытқуларға ие, бұл оларды егжей-тегжейлі гидрологиялық модельдеу үшін пайдалануға шектеу қояды. Сонымен қатар, SRTM моделі – ашық қолжетімділігі, тұрақтылығы және кең ауқымды аумақтарды бағалаудағы жеткілікті дәлдігі арқасында кеңінен қолданылады. Ал ASTER GDEM моделі жоғары дәлдік пен нақты гидрологиялық талдауды қажет ететін жағдайларға онша сәйкес келмейді.

Бұл зерттеу жер бедерінің сандық үлгісін дұрыс таңдаудың маңыздылығын көрсетеді. Жер бедерінің түрі мен гидрологиялық талдаудың нақты мақсатына қарай таңдалған үлгі су ресурстарын басқару және инженерлік іс-шараларды жоспарлау кезіндегі қауіптерді бағалаудың сапасына айтарлықтай әсер етеді

Авторлардың биографиясы

Г.М. Искалиева, «Ионосфера институты» ЖШС

(хат-хабарларға арналған автор) - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің PhD докторанты, Ионосфера институтының жетекші ғылыми қызметкері

Ә.А. Амангелді, ЖШС "Ионосфера институты"

Ионосфера институты инженері

М.С. Сағат, ЖШС "Ионосфера институты"

 «Ионосфера институты» ЖШС инженері

А.А. Мерекеев , ЖШС "Ионосфера институты"

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD-студенті, «Ионосфера институты» ЖШС аға ғылыми қызметкері

Н.Қ. Сыдық, ЖШС "Ионосфера институты"

«Ионосфера институты» ЖШС лаборатория меңгерушісі

А.К. Қалыбаева, ЖШС "Ионосфера институты"

ЖШС «Ионосфера институты» аға ғылыми қызметкер

Жүктелулер

Как цитировать

Искалиева G., Амангелді A., Сағат M., Мерекеев , А., Сыдық N., & Қалыбаева A. (2025). ӘР ТҮРЛІ РЕЛЬЕФ ЖАҒДАЙЛАРЫНДА ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН SRTM, ASTER, AIRBUS ЖӘНЕ ALOS ЖЕРДІҢ САНДЫҚ ҮЛГІЛЕРІН БАҒАЛАУ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 77(2). https://doi.org/10.26577/JGEM20257728

Шығарылым

Бөлім

Картография және геогинформатика