БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖЕРЛЕРІНІҢ ДЕГРАДАЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JGEM80120261

Кілттік сөздер:

жер деградациясы,, шөлейттену,, жер жамылғысы,, климаттық өзгерістер,, жерді пайдалану.

Аннотация

Соңғы онжылдықтарда жердің деградациясы мен жер жамылғысының қасиеттерін зерттеу ғылыми және қолданбалы маңызға ие өзекті бағыттардың біріне айналды. Әсіресе, жер аумағының едәуір бөлігі субаридті және құрғақ аймақтарды қамтитын Қазақстан үшін бұл мәселе ерекше өзекті. Климаттық өзгерістер мен антропогендік ықпалдың әсерінен туындаған жердің деградациясының басты көрсеткіштері жер бедерінің өзгеруі, өсімдік жамылғысының құрылымдық ерекшеліктері және экзодинамикалық процестердің айқын көріністері болып табылады. Шөлейттену және жердің тозуы сияқты процестер Батыс және Орталық Қазақстанның көмірсутек және тау-кен өнеркәсібі қарқынды игерілетін аймақтарында ерекше байқалады. Осы жұмыста ҚР География және су қауіпсіздігі институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің ғылыми тобы 2012–2024 жылдар аралығында жүргізген Маңғыстау және Атырау облыстарындағы жер деградациясы мен қоршаған ортаның өзгеруі (шөлейттену) бойынша зерттеу нәтижелері қарастырылған. Зерттеудің әдіснамалық негізіне маршруттық-далалық зерттеулер, библиографиялық және дереккөздерді талдау, картографиялық әдістер, әлеуметтік сауалнамалар мен графикалық тәсілдер пайдаланылған.

Авторлардың биографиясы

О.Ә. Әліпбеки , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

биология ғылымдарының докторы, картография және геоинформатика кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Р.Т. Бексеитова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

география ғылымдарының докторы, картография және геоинформатика кафедрасының профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ч.А. Алипбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, картография және геоинформатика кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Р.Т. Турекельдиева, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті

биология ғылымдарының кандидаты, экология кафедрасының доцент м.а., М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті

Е.С. Сарыбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

PhD, картография және геоинформатика кафедрасының аға оқытушысы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

М.М. Әлімбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

(хат-хабарларға арналған автор) - картография және геоинформатика кафедрасының «8D07303 - Картография» мамандығының 2-курс докторанты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Как цитировать

Әліпбеки , О., Бексеитова, Р., Алипбекова, Ч., Турекельдиева, Р., Сарыбаев, Е., & Әлімбай, М. (2026). БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖЕРЛЕРІНІҢ ДЕГРАДАЦИЯСЫ. ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы, 80(1). https://doi.org/10.26577/JGEM80120261

Шығарылым

Бөлім

Физикалық , экономикалық және әлеуметтік география